

СОЗАҚТА БИЫЛ АЛТЫ АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 380 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН
2025 жылдың алғашқы 5 айында Созақ ауданында 81,5 млрд теңгеден астам тікелей инвестиция тартылды. Ал, жалпы өңірлік өнімінің көлемі 380 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков журналистермен өткен баспасөз жиынында баяндады.

СОЗАҚ АУДАНЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Бүгін Созақ ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен аудан орталығы Шолаққорған ауылында салынып жатқан 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенімен танысты. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен бокс залдары, бассейн және футбол алаңы орналаспақ. Сондай-ақ, Созақ ауылындағы заман талабына сай жабдықталған спорт алаңшасының жұмысымен танысты. Онда жастар мен жасөспірімдер футбол…

Шымкентте ұландықтар үздік кинологтардыанықтады
6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығыныңбазасында қызметтік иттермен көпсайыс бойынша кинолог—мамандар арасында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы біріншілігініңжеке-командалық жарысы өтті.

МӘМС: Шымкентте 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілді
Шымкентте жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатқа 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетілді. Кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы мұндай операциялардың құны бірнеше миллионнан бастап 70 миллион теңгеге дейінгі қаражатты құрайды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова жалпы биылғы жылы қалада қымбат…

Шымкентте 1 миллионнан астам адам медициналық сақтандырылған
Шымкентте тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу қарқыны артуда. Қазіргі таңда қала тұрғындарының 80 пайыздан астамы, яғни 1 миллионнан астам адам сақтандырылған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер мен медициналық сақтандыру аясында атқарылған жұмыс туралы өткен брифингте мәлім етті.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕТІН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
✔️Түркістан облысы, Отырар ауданында «Мақта дақылын жаңа технологиямен егудің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 85 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛЫП, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
✔️Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында қос кәсіби мерекеге арналған іс-шара өтіп, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Алдымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне заман талабына сай жабдықталған жаңа техникалардың кілтін тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы, биыл 85 көлік табысталып отыр.

ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторларды қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне Түркістан облысының өндірістік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты.

ОРДАБАСЫЛЫҚТАР АЛДАҒЫ ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданға 9,4 млрд теңге тікелей инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.