Дін істері басқармасының гуманитардық бағдарламасы арқылы елге оралған әйелдерді қоғамға әлеуметтендіру жұмыстарын жалғастыру мақсатында денсаулық, білім, жұмыспен қамту бөлімдерінің тиісті мамандармен кездесу өткізілді.

Без рубрики

        Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні  Атырау облысы Дін істері басқармасының гуманитардық бағдарламасы арқылы елге оралған әйелдерді қоғамға әлеуметтендіру жұмыстарын жалғастыру мақсатында денсаулық, білім, жұмыспен қамту бөлімдерінің тиісті мамандармен кездесу өткізілді.

 «Жусан» гуманитарлық операциясы – ауқымды аукция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды және былтырдан бері жүзеге асырылуда. Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан Отанымызға 75 бала қайтарылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Жусан» операциясының басты мақсаты болды.

       Жиынға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев және бөлім басшысы М.Изгалиев, Атырау облысы Білім бері басқармасының өкілі Б.Шамұрат, Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілі А.Сарсенғалиев пен А.Мирамбаев, Денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала» бөлімінің бас маманы А.Сақыпова, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының заңгер маманы А.Сагингалиев, Жұмыспен қамту басқармасының Жұмыссыздар бөлімінің өкілі Д.Әбішева, «Шапағат» Қоғамдық қорының  директоры М.Тұрлыбеков қатысты.

      Кездесуде «Жусан» операциясымен келген отбасы мүшелері көптен бірі өздерімен қоса балаларының денсаулығына әлдеқайда көп көмек қажет екендігін атап өтті. Мысалы Сирия аумағында соғыс кезінде бойларына темір кіру, оқ тию салдарынан денсаулықтарына зақым тисе, кейбіреуі онкологиялық ауруға да шалдыққанын айтты. Сондай-ақ, балаларының сөйлеу мәнерінің дамуы шолақтау болғандықтан тілдерін дамыту үшін «Логопед» қажет екендігін де ескеріп өтті. Әрине бомбалау кезінде де балалардың құлағында дыбыс қалу да әблен мүмкін, сол секілді аналардың айтуынша дәрігерлер балаларының құлағында дыбыс бар екендігін ескеріп, ем қабылдау керек деген секілді денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне өз көкейкесті мәселелерін қозғады.

     Аталмыш кездесу барысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру мамандарына қойылған сауалдардың бірі «АӘК» алу яғни көп балалы аналарды қолдау, жаңғыртылған әлеуметтік көмек, кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Бұл көмекті 90 пайызы ала алмай отыр, оған себеп – Сирияда қайтыс болған күйеулерінің құжаттары яғни анықтамалары жоқтығынан және жоғалғандығын растайтын құжаттың жоқтығы. Осы мәселені ескерген мамандар әр сұраққа тұшымды жауаптарын берген болатын.

    Төрт сағаттық жиынға созылған отырыста Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев өз тарапынан «Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» туралы әлеуметтік желіде теріс дінді уағыздаушыларды тарату мәселесі бойынша толық мәліметтер беріп, кезінде жат ағымға еріп Сирияға кеткен әйелдерге тағы да қателіктерге бой алдырмауын және балаларының болашағына салғырт қарамауын ашып айтты.

      Елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды. Ал біз өз азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін алдағы уақытта да қорғауға да еліміздің бейбітшілігін сақтауға да алға қарай жұмыстанатын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *