El Jastar teatry “Мен сендерді Құдайға айтып барамын!” Монолог. Жусан операциясы. Көкшетау. Театр

Видео
https://www.youtube.com/watch?v=dz0UJfVrHI0

El Jastar teatry-ның “Жусан” операциясы негізінде түсірілген “Бір түп жусан” видео-спектаклінен үзінді. Көкшетау-2020.
“Мен сендерді Құдайға айтып барамын!” Сириядан мүгедек болып оралған баланың монологы. Оқыған: Данияр Қуаныш.

Монолог:
– Мен бәріңді құдайға айтып барамын! Сендер менің алаңсыз бақытты балалық шағымды ұрлап алдыңдар. Жетіге келгенше жерден таяқ жеп, енді-енді аяғымды нық басып, ойнатаған құлын шағымда аяқсыз қалдырдыңдар! Мен – мүгедекпін! Мен әлі түсімде соғыс көріп шошып оянамын! Әке, ана! Сіздердің аңқаулықтарыңыз бен ақымақтықтарыңыздың кесірін неге мен тартуым керек?! Қазақ даласында соғыс жоқ, аспаны бейбіт. Бірақ, мен аспанға қарасам болды әлдеқайдан ұшақтар ұшып келіп бомба тастайтындай көрінеді. Ондай кезде мынау жансыз, түк сезбейтін аяқтарымның өзі сырқырап, ауырып кетінін қайтерсің?! Мен сіздерді Құдайға айтып барамын…

Статистика:

Қазақстан «Жусан» оператциясы шеңберінде Сириядан 595 азаматын қайтарды. Оның 30-ы ер адам. 137сі әйел. 400-ден астамы бала. 33 бала тұл жетім. 10 ер адам 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әр түрлі мерзімдерге сотталды. Тағы 14 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр. Таяу Шығыста соғыс басталғалы бері Сирия мен Иракқа Қазақстаннан 800-ге жуық азамат кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *