El Jastar teatry “Ананың көз жасы”. Монолог. Көкшетау. Театр. Жусан операциясы. Сирия.

Видео
https://www.youtube.com/watch?v=CtjOf8AjTx0

Екі баласы Сирияға кеткен ананың монолгы. El Jastar teatry-ның актрисасы Дариға Дәулетхан. “Жусан” операциясы негізінде жазылған “Бір түп жусан” видео-спектаклінен үзінді. Режиссеры Хәкім Хасанбай. Сценарий авторы: Мерген Тоқсанбай, Хәкім Хасанбай.

Монолог:
– Құлыным-ай, жаман түс көріп шошып ояндым ғой. Хабар-ошарсыз кетіп еді, аман болса болғаны. Е, жаратқан Құдай сақтай гөр құлынымды!
Туған жердің топырағы тартады деуші еді… Алыста жүрген балапандарымның мойынына туған топырағын тұмар ғып тағып жібермегенім-ай. Аман-есен оралса екен боталарым. Көне Мысыр мен Сирияны 17 жыл билеген Бейбарыс сұлтанның өзі жусан аңқыған Дешті Қыпшақ даласын сағынған екен. Жусанын иіскеп анасының құшағын, мейірімін еске алыпты. Құлындарымның сағынышын басардай алдынан бір түп жусан жолығар ма екен. Бір түп жусан… Бір түп жусан… Ананың әлдиін, қобыздың зар күйін, қара домбыраның қасиетін, қара қазақтың қасіретін бойына дарытқан бір түп жусан…

Статистика:
Қазақстан «Жусан» оператциясы шеңберінде Сириядан 595 азаматын қайтарды. Оның 30-ы ер адам. 137-сі әйел. 400-ден астамы бала. 33 бала тұл жетім. 10 ер адам 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әр түрлі мерзімдерге сотталды. Тағы 14 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр. Таяу Шығыста соғыс басталғалы бері Сирия мен Иракқа Қазақстаннан 800-ге жуық азамат кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *