«Иманғали» мешетінде теологтар мен мешіт қызметкеріне «Әбу Мансур әл-Матуриди» туралы кездесу өтті.

Дін

Атырау облысы Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-дың ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 2 қараша күні «Иманғали» мешетінде теологтар мен мешіт қызметкеріне «Әбу Мансур әл-Матуриди» туралы кездесу өтті. Аталған кездесуде «Нұр-Мүбарак» университетінің аға оқытушысы, исламтану ғылымдарының докторы Асқар Болатбекұлы Әкімханов кездесу өткізіп, қатысушыларға Әшғари және Матруди сенімдегі ұстанымы, Кәлам саласындағы танымалы еңбегі «Китаб ат-Таухид», тәпсір саласында танымалы еңбегі «Тәуилату әл-Куран» секілді, сондай-ақ басқада кітаптарға еңбегі сіңіп, оның шәкірттері туралы тілге тиек етіп ақпарат берді. Шара соңында сұрақ-жауап өткізіліп, қатысушылардың көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауап қатты. Шараға 35 адам қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *