Атыраудағы жазасын өтеушілер спортқа бейім

Без рубрики

          ҚАЖ департаментіне қарасты УГ 157/9 ерлер түзету мекемесінде «Рухани жаңғыру-ұлттық ұлағат үлгісі» бағдарламасы аясында Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  «Спорт – денсаулық кепілі» атты спортық сайыс өткізді.

        Мақсаты – дәстүрлі құндылықтарды насихаттай отырып, Тәуелсіз еліміздің құндылықтарын кеңінен түсіндіріп, жазасын өтеушілердің моральдық рухын көтеріп, спортқа деген қызығушылығын, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Атаулы шараны «Шапағат» ҚҚ бөлім басшысы Ж.Жұмағалиева ашып, жазасын өтеушілерге шараны өткізудің бағыты мен мақсатын атап, қатысушы өкілдерімен таныстырып өтті. Сайысқа  «Шапағат» ҚҚ қызметкерлері мен теолог мамандары қатысты. Жоспар бойынша сотталушыларға 4 ойын ұйымдастырылды. Олар: «Футбол», «Қол күресі», «Арқан тарту».

      «Біз футболды бекерге таңдаған жоқпыз. Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрі. Командалар жарысқа ерекше дайындықпен келіпті. Ойын тартысқа толы болды. Жалпы ойынға 7 команда қатысып, финалға үш команда шықты. Бірінші команда өздерінің мықтылығын танытып, бірінші таймда-ақ қарсыластар қақпасына екі гол салды. Нәтижесінде 4:1 есебімен жеңіске жетті. УГ 157/9 ерлер түзету мекеме басшылығы мен «Шапағат» ҚҚ алдағы уақытта бірлесіп спорттың басқа түрлерінен де осындай жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Өйткені, спорт арқылы біз сотталушыларды салауатты өмір салтына бейімдейміз», – дейді «Шапағат» ҚҚ оңалту бөлімінің басшысы А.Тулепов.

       Ойынға барынша ат салысқан азаматтар, көңілдері көтеріліп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Жылда өткізілетін бұл шараға «террроризм-экстремизм» бабымен сотталған азаматтар қатысып, теолог мамандарының дәрістеріне тұрақты түрде қатысып, дәстүрлі дінді ұстануды қолдайтындарын ашып айтты.  Спорттық шара соңы Атырау облысы Дін істері басқармасының бас манманы Д.Галиден жеңімпаздарды Алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *