Жастар неге жиі адасады?

Дін

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты.

Жастар қоғамның ертеңі.  Жастарды тәрбиелеуде  ата-ана, қоғам болып кірісуіміз керек. Бала тәрбиесінде ең бірінші ата-ана, жақын туыстары  жауапты. Тәрбиелеу ісі адам дүниеге келген уақыттан бастау алатыны айтпаса да түсінікті. Адамның дүниетаным негізі жастық шақта қалыптасады.

Қазақ жастары үшін аға буын өкілдері аталарымыз бен әжелеріміз ғибратты сөздері тәрбиелік жағынан үлкен әсер еткен.  Имамдар, дін қызметкерлері жастарды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу де елеулі рөл атқарады.

Жастардың барлығын жамандауға болмайды. Үлкендер тарапынан жастарға көңілдері толмай жатқандары қоғамда көп кездеседі.

Жастардың басым бөлігінің дұрыс тәрбие алғаны және алып жатқаны белгілі. Олар отансүйгіш патриот, рухани және психологиялық тұрғыдан мықты және салауатты жандар. Жастардың ізденгіш, арманшыл болмысын өмір шындығымен ұштастыру және оларды әлеуметтік мәселелерін шешуде барлық жұмыстар жасалуда.

Ислам діні адамның білім алуына шектеу қоймайды. Қазіргі заманда күшпен емес біліммен сыналатын заман. Сауаты бар адам көш соңында қалмайтыны баршаға мәлім. Сондықтан  жастар алтын  уақытын ілім-білімге, кәсіптің белгілі бір саласын игеруге жұмсағаны маңызды. Діни тұрғыдан алғанда өз халқының салт-дәстүрін бойына сіңіріп өскені дұрыс.

Әрине, әке-шешесі сол балалардың жақсы жағдайы үшін тынымсыз еңбек етеді, шаршап үйіне келеді. Балаларының өзге уақыттарды немен шұғылданып жүргенін зерттей бермейді. Балаларына қымбат ұялы телефон алып бергенімен, оның ішінде қай ақпарат ұрпағының санасын улап жатқанын сезбейді. Күндіз немен айналысып жүргенінен хабарсыз. Ұлы немесе қызы дінге бет бұрса, балам имандылыққа бет бұрды деп қуанады.

Шын мәнісінде, ол қандай дін ұстанғанын ұқпайды. Сол үшін әрбір ата-ана өз баласының өзінің және мемлекеттің болашағы екеніне баса мән беру керек. Тәрбиесімен жіті айналысып, оның озық ойлы азамат болып қалыптасуына қатаң бақылауға алғаны жөн. Өйтпеген жағдайда, деструктивті ағымдар әке-шешенің бұл қателігін мүлт жібермей, өз мақсаттарына пайдалануы әбден мүмкін.

Жастардың адасуының себебі біріншіден жастарға тән  жастық болмыстың өзі.  Жастар  жаңа нәрсеге жаңа идеяға құмар болады. Идеологияның күштілігінен десек болады, не нәрсені көп насихаттаса жастарды еліктіретіні сөзсіз.

 Діни сауатсыздық мәселесінің әсері де бар. Жат діни ағымдардың ықпалы бұрын осынша дәрежеде болмағандықтан, діни сауаттылық талап етілген жоқ. Қазіргі қоғамда діни экстремистік ұйымдар саны артып, қоғамға қауіп төндіруіне байланысты, діни сауаттылық маңызды болып отыр. Осындай ұйымдардың ықпалынан сақтану үшін діни сауаттылық, қорғану мақсатында қажет.

Сонымен қатар әрбір адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктері де бар. Кез келген адам насихатталған екен деп еріп кетуі мүмкін емес. Насихатқа ілесіп кететін адамдардың да өзіндік ерекшеліктері бар.

Мұндай шетін көзқарасқа елтетін тұлғалар үнемі өзіне, өзгеге көңілі толмайтындар. Өз басына түскен қиыншылыққа өзгелерді, әлеуметтік әділетсіздікті кінәлайтындар. Қауіп-қатерге құмар адамдар. Бойында агрессиясы басым адамдар. Бойында тұлғалық кемшіліктерін байқай отырып, соның орнын толтыру үшін, өзін дәлелдеу үшін барынша тырысатын тұлғалар ағымдардың ықпалына ұшырайды.

Тәжірибемізден байқағанымыз көбісі толық емес отбасынан шыққандар екені анықталды. Әлеуметтік, психологиялық, экономикалық себептер жиыла келіп жат діни ағымның қатарына қосылуға ықпал етіп отыр.

«Шапағат» деструктивтік діни

ағымдардан жапа шеккендерге

 көмек орталығы ҚҚ психолог

 Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *