Дінтанушы және психологтарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті

Дін

         Атырау облысы  Дін  істері басқармасы Ақпараттық – талдау орталығы тапсырысы  аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа  шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық  негіздері» тақырыбында  Дінтанушы және психологтарға бір күндік біліктілікті арттыру курсы ZOOM бағдарламасы   арқылы онлайн режимінде өтті.

       Курста «Қазақстандағы конфессиялардың тарихы» туралы Абзалов Ернар Абзалұлы – Шапағат ҚҚ теолог дінтанушысы қатысушыларға баяндама аясында түсінік жұмыстарын жүргізді. «Шапағат» ҚҚ психологі Кубышева Гульвира Ғибатуллақызы «Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын-алу» тақырыбында өзінің тәжірибесімен бөлісіп, дәстүрлі және дәстүрлі емес ағымдардың ара жігін айыра білу, оның алдын алу жолдары бойынша түсіндіріп өтті.

        Теолог Шүкіріддін Темірқұлұлы «Деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, зaйырлылық ұғымы, зaйырлы Қaзaқстaн Республикaсының дiн сaлaсындaғы сaясaты, дiн мен мемлекет қaрым- қaтынaсы, Қaзaқстaнның дiн жөнiндегi зaңнaмaсы, Дiнтaну пәнiн жaлпы бiлiм беретiн oртa мектептерде oқытудaғы өзектi сұрaқтaр мен мәселелер және oның әдiстерi айтылды.

         Сондай-ақ, психолог С.Нұрбекова «ДДА өкілдерімен жұмыстарының психологиялық қырлары» тақырыбында деструктивті ағым жетегінде жүрген тұрғындармен оңалту жұмыстарын жүргізудің қыр-сырымен бөлісіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

      Сабақ соңы курсқa қaтысушылaр aрaсындa пiкiр aлмaсу түрінде аяқталады. Қатысушылар саны –  45 адам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *