Панасыз қалғандардың барар соңғы нүтесі

Қайырымдылық Қоғам

Күн салқын түсісімен «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру» орталығы қызмет алушыларға тола бастады. Ал, қыс айларында мұнда жататын орын табылмай, дәлізге түнеп шығатын кездер болады. Жақында аталған орталықтың тынысымен танысып қайтқан едік.  

Мекеменің мақсаты атауы айтып тұрғандай – тағдырдың тезіне түскен адамдарды қайта қоғам қатарына қосу.

 Бірақ мұнда келетін  түрлі тағдырларды екі топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі қоқыстан тамақтанып, көшеде қайыр сұрап тапқанына ішімдік ішетін үйсіз-күйсіз адамдар. Олар мұнда кешкісін түнеп кетуге келеді. Қанша жерден қамап ұстасаң да даланы аңсап тұрады.

Екінші тобы адам болсам, қоғам қатарына қосылсам деп талпынатындар. Бұл топтағылардың көбісі бұрын ішімдікке салынып қателікке ұрынғандар, сотталғандар, отбасынан ажырасып өзін жоғалтып алғандар. Олар туыстары қабылдамаған соң барар жері жоқ осында келеді. Бірақ көздеген мақсаттары бар, – дейді орталық директоры Мереке ЖАНБЫРБАЕВ.

Елу адамдық орталықта қазір жатқан 20 тұрғын және түнде қонып кетуге келетін 9 адам бар. Мұндағы тұрғындардың 80 пайызы бұрын сотталғандар.

Бұл жерде қызмет алушылар 1 жылға дейін тұра алады. Осы уақыт ішінде олардың туыстары іздестіріліп, құжаттары жасалып, тиісті болса жәрдемақысы тағайындалып қарттар үйіне жіберіледі. Егер қарттар үйіне жасы жетпесе, тұрақты жұмысқа орналастырып, пәтер жалдап күн көруіне көмек көрсетіледі.

Өмірі қиын жағдайға тап болғандардың бірі – Шапағат, 58 жаста.

Бұған дейін әр түрлі мемлекеттік қызметте басшылық қызмет жасаған.Соңғы қызметі Теңіз кенішінде жүргенінде, жүрегі сыр беріп аурухана түскен. Ота жасалып шыққан соң барар жері жоқ, осында келген.

Бұл әркімнің басына түсуі мүмін жағдай. Осындай күйге түсем, осында тұрам деп кім ойлаған. Мені қарсы алып, жұмысқа орналастырған қызметші қыздарға ризамын, – деп бастады ол әңгімесін.

Шапағат Санкт-Петербугр қаласынан жоғары оқу орнын аяқтап,  заңгер мамандығын алған. Кейін Атырау облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бөлім басшысы, Жаңаөзен қаласында қалалық атқару комитетінің басшысы болып қызмет істеген.

– Түнде жұмыстан келе жатқанымда дәлізде екі жас бала шабуыл жасады. Мен де қайратты болатынмын. Ақыры соңында жас балалардың біреуі оқиға орнында бірі, ауруханада қайтыс болып, сотты болдым. Одан келген соң отбасыммен ажырастым. Содан ауылда інімнің үйінде жатқанда таныстарым Теңізге жұмысқа шақырды. Ол жақта қауіпсіздік қызметінің басшысы болып жүргенімде жүрегім сыр беріп ес түссіз ауруханадан бір шықтым. Отадан кейін баратын жерім болмады. Ауылдағы інім қайтыс болды. 4 баламен отырған келінімнің қасына баруға ыңғайсызданып осы жерге келдім.

Шапағат бұл жерден шыққаннан кейін өзіне баспана алғысы келеді.  

Қазір емханаға күзетші болып орналастым. Ол жерде 90 мың жалақы аламын. Одан бөлек, 2 топ мүгедектігіме байланысты жәрдемақым бар. Бұл жерде киім тамақ жатын орын бәрі тегін. Осыны пайдаланып ақшамды жинап жатырмын. Қазір түрлі бағдарламалар бар, соның біріне ілігіп баспана алсам деймін, – дейді ол.

Отбасыңызбен араласып тұрасыз ба?

Жоласым қайтыс болған. Қызым Германияда тұрады. Арасында телефон арқылы сөйлесеміз. Евразия университетін оқып жүрген кезінде Германияға практикаға барып, сол жақтағы финанстық директоры қызымды өз үйінде жатып оқуын қалаған. Оқуын бітірген соң үй иесінің қарамағында үш жыл жұмыс жасауға келісмшарт жасасты. Үш жылдан соң Қазақстаннан өзіне үй алуға жететін  ақшасын жинап беретін болып келіскен.   

Бәрі ішімдіктің кесірі

Келесі сұхбаттасушым Бағыт есімді 58 жастағы әйел адамды орталықтың ұтқыр патруль қызметкерлері көктемде көшеде жатқан жерінен алып келген. Бірнеше күн тамақ ішпей ашыққан одан қан сынамаларын алу да қиынға түскен.  

– 20 жасымда тұрмыс құрғанмын. Енеммен бірге тұрып, жақсы өмір сүріп жаттық. Бірақ күйеуімен арада перзент болмады. Үш жыл өткен соң күйеуім өкпесін айтып, ақыры кикілжіңге ұласып мені үйден қуып жіберді.

Сөйтіп әке-шешемнің қолына келіп тұрдым. Кейін олар қайтыс болған соң, шаңырақ інімде қалып, аға жеңгеммен тұрдым. Бірақ оларға да сыймадым. Жұмыспен қамту арқылы әр мекемеде еден жуушы болып жұмыс істеп жүрдім. Кейін қысқарып қалған соң көше кезіп кеттім, – дейді Бағыт.

…Қазір бұл жерде киімім таза, үш мезгіл тамағымды уақытында ішемін. Осында аула сыпырушы болып жұмысқа орналастым. Қолыма 60 мың теңге еңбекақымды аламын. Ақшамды жинап жатырмын. Ертең шығарып жібергенде пәтер жалдауыма қажет.

Бағыт секілді жандар бұл жерден шығарып жіберген соң қайтадан бұрынғы жолына түсіп кетпей ме? Бұл сауалды орталық директорына қойдым.

Қайтадан келіп жататындар бар. Бірақ біздің мамандароларды әлеуттендірген соң қайтадан көше кезіп кетпесін қадағалап отырады. Алдымен жұмысқа орналастырамыз, егер ниеті болса. Содан соң жақын маңда арзан пәтерлер бар.  Мұннан шыққандардың бәріне екі адамнан біріктірсек те сол жерден пәтер жалдап береміз.

Карантин орталыққа қалай әсер етті? Көшеден әкелінген адамдардан тест алынды ма?

Карантин басталысымен ұтқыр патрульдеріміз көшедегі қаңғыбастардың бәрін орталыққа жинады. Осы жерде тест сынамалары алынып, үш ай ешқайда шығармай ұстадық. Тест сынамалары кезінде 6 адамнан Covid-19 белгілері анықталып, оқшауланып емделді. Оның екеуі қызметкеріміз мейірбике мен шаруашылық қызметкері болды.

Директордың айтуынша, қазір көбі дачаларда жалдамалы жұмыста жүр. Күн салқын түсе орталыққа сыймай қалады. Дәлізге төсек салып сонда жатқызылады.

1977 жылы салынған ғимарат қазір тозығы жетіп, ылғал тартып тұр. Жаңа ғимарат салу үшін қалалық құрылыс бөлімі арқылы жобалық сметасы дайындалды. Жаз мезгілінде адамдар азайғанын пайдаланып, жалдамалы жерге көшсек, осының орнына екі қабатты ғимарат салу жоспарда бар.

Директордың сөзінше, орталыққа демеушілік көмек те артық етпейді. Өйткені мекемеге көп міндет жүктелгенімен кейбір жұмыстарға қаржы қаралмаған.

Мекеменің биылғы бюджеті 78 млн теңге. Мұның ішінде әйелдердің дағдарыс орталығына бөлінген қаражат бар. Қаражат жалақыға, коммуналдық қызметке, тамаққа және киім кешекке жұмсалады. Өйткені көбісі таңертең киген киімін кешкісін бүлдіріп, жоғалтып әкеледі.

Ал, қызмет алушылардың құжаттарын жасауға шығындарды қызметкерлер қалтасынан төлейді. Ресейлік азаматтардың жеке куәлігін жасау үшін Орал қаласындағы консулдыққа бару қажет болады. Бұл кезде де қызмет алушының жол шығынын өзіміз өтейміз. Жақында бір тұрғынды қарттар үйіне орналастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық станциядан құжат алу үшін 6000 теңге қажет болды. Оны өзіміздің қызметкерлер болып жинадық.

Ердос Қасым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *