Құқық қорғау органы қызметкерлері біліктілігін арттырды

Дін

         Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының тапсырысы негізінде ағымдағы жылдың 21 тамызында «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Құқық  қорғау органы қызметкерлері мен ҚАЖ департаменті мамандарына арналған «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбында бір күндік біліктілікті арттыру курсы өтті.

         Еліміздегі пандемиялық ахуалға байланысты «ZOOM» бағдарламасы арқылы өтіп жатқан онлайн курсқа 45-тен астам ҚАЖ департаменті мен учаскеліп полиция қызметкелері қатысты. Курс жұмысын «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының директор орынбасары М. Құбышев, Ақпарат талдау орталығының басшы орынбасары Г. Қожағұлова ашып, атаулы курсқа сәттілік тіледі.

Алғаш болып түске дейін «Шапағат» ҚҚ теолог маманы М.Омаров «Суррурит, мадхалит, такфирит ағымдарының шығу тарихы» тақырыбында және психолог Г.Кубышева «Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын-алу» тақырыбында слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түстен кейінгі лекцияда Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Е.Какиев «Құқық бұзушылық профилактикасы және діни эктремизм саласындағы заң бұзушылықтар» тақырыбында және Атырау облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы Е.Ерғалиев «Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында лекция арқылы қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, қосымша ақпарат ретінде Шапағат ҚҚ-ның теолог мамандары С.Сариев пен Ш.Темірқұлұлы теологиялық қосымша сауалдарға жауап беріп өз үлестерін қосты. Курс соңында мешіт қызметкерлері мен имамдарға сертификат табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *