Зейнетақы қорындағы жинақты қашан шешіп алуға болады

Билік

2021 жылдың қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары жинағының бір бөлігін шешіп ала алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Біз норма 2021 жылдан бастап күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, Президент бұл реформаға қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілерді осы жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырмасын жүктеді», – деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның атап өтуінше, Үкімет заңнамаға қажетті түзетулерді осы жылдың соңына дейін қабылдайды. 

«Жылдың соңына дейін заңнамаға түзетулер қабылданып, Үкіметтің тиісті қаулысы және министрліктің бұйрығы қабылданады деп есептейміз. Соған орай 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап адамдар осынау мүмкіндікті пайдалануыүшін барлығын жасаймыз деп ойлаймын», – деді Біржан Нұрымбетов.

Осыдан кейін Алтын көпір тілшсі әлеуметтік желіде атыраулықтарға сауалнама жүргізді.

«БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағыңыздың бір бөлігін алар ма едіңіз» деген сауалға әр түрлі жастағы 120 адам жауап берген.

40 пайызы – Иә, мұның маған көп көмегі болар еді

40 пайызы Жоқ, жата берсін. Қамсыз қарттықты да ойлап қою керек.

20 пайызы – Бүкіл жинағымды беріңіздер, деп жауап берді.

Дайындаған Ердос ҚАСЫМ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *