Жаңа оқу форматы: «15 қыркүйекке дейін барлық оқушыда компьютер болады»

Билік

2020-2021 оқу жылында Атырау облысында 132500 мектеп оқушысы партаға отырды. Бұл туралы брифингте білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ хабарлады.

Облыстағы 196 мектептің 182-сінде қашықтан оқыту ұйымдастырылады – қалған 14 мектеп шағын жиынтықты мекемеге жатады, ол жерде бәрі әдеттегідей болады. Облыстағы 170 мектеп, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып арасындағы оқушыларды қабылдауға дайын. Білім беру мекемелерінде әлеуметтік арақашықтықты сақтауға арналған жолақтар, санитариялық қауіпсіздікті қамту мақсатында төселген кілемшелер мен кварцтар орнатылған. Ол жерде 22 962 оқушыға арналған, 1 622 кезекші сынып жұмыс жасайтын болады. Кезекші сыныптар аптасына 5 күн емес, 6 күн оқиды – бұл кестеге, үзілістің ұзақтығына, жалпы санитарлық талаптарға байланысты.

Есенғалиевтың айтуынша, 16 693 оқушының үйінде компьютер жоқ, сондықтан мектептерден уақытша пайдалануға 15 мыңға жуық компьютер берілген. Бұдан басқа, жергілікті бюджеттен осы техниканың 3 мың данасын, республикалық бюджеттен 18 мыңын сатып алуға қаражат бөлінді.

– 15 қыркүйекке дейін бұл компьютерлерді бүкіл балаға таратамыз, – деп сендірді  Есенғалиев.

Айта кетейік, білім беру басқармасында жеке Telegram чаты ашылған. Оған өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жіберуге болады. Call-орталығының 270940 телефон нөмірі жұмыс істейді.

Ердос Қасым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *