Атырау имамдары біліктілігін арттырды

Дін

       Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығы КММ мемлекеттік тапсырысы аясында Шапағат деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері»   атты   мешіт қызметкерлері мен имамдарына арналған бір күндік біліктілікті арттыру курсын өткізді.

          Діни қызметкердің кәсіби шеберлігін және ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары болуы – қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтудың кепілі және діни қызметтің сапасын арттырады.

          Аталмыш курсты өткізудің бірден-бір мақсаты жамағатпен күнделікті тығыз қарым-қатынаста болатындықтан имамдардың кәсіби біліктілік пен жан-жақты білімді болу өте маңызды екендігін ескерген жөн. Дін қызметкерлерінің деңгейін көтеру, біліктілігін арттыру дегенде тек қана діни тұрғыдан емес зайырлылық, заңнамалық, әдеби-мәдени қарым-қабілетін арттыру тұрғысынан да қарау.

           Курсты «Шапағат» Қоғамдық қорының директор орынбасары Құбышев Мейрбек Ғайнеденұлы курстың бағыты жөнінде мол мағұлмат беріп, оқытушымен таныстырды. Дін мамандарына сәттілік тілеп, кәсіби шеберліктерін шыңдай түсулеріне тілек білдірді.

            Шараны ашу үшін алғаш сөз Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығы директорының орынбасары Қожағұлова Гүлмира Абызқызына ашып, қатысушыларға курстың мақсатын түсіндірді.

          Қазіргі елімізде болып жатырған пандемия жағдайына байланысты курсты онлайн режимінде өткізіп отырғандықтан, курсқа арнайы келісім бойынша шақырылған  «(пи эйдж ди)phd доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті проректоры – Қайрат Құрманбаев сіздер үшін «Қазіргі таңдағы исламтану мәселелері», «Қазіргі таңдағы хадистану мәселелері», «Діни мәтіндерді түсінудің ғылыми негіздері» тақырыпта дәріс оқып, бір күндік курсты толықтай атқарып шықты.

          Аталмыш курс Атырау қаласы мен аудандарды қамтып, 50 имам қатысты. Айта кету керек, шара аяқталған соң барлық мамандарға арнайы сертификаттар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *