Атыраулық балықшылар 118 келі қортпа аулады

Денсаулық

Атыраулық балықшылар 118 келі қортпа аулады

Жаздың соңғы күнінде «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшылары салмағы 118 келі болатын қортпа балығын аулады. Қазіргі уақытта ол Жайық Атырау бекіре зауытына тапсырылды. Балықтың жасы мен жынысы анықталуда.

Естеріңізге салсақ, биылғы 1 наурызда Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының қызметкерлері Жайық сағасынан салмағы 148 келі, ұзындығы 2,2 метр болатын уылдырықты қортпа балығын аулаған еді. Ал сәуір айында мамандар одан табиғи жолмен 22 келі уылдырық алды. Тұқымды уылдырықтарды құрт болғанға дейін инкубациялау үшін «Осетр» аппаратына орналастырды. Жазда жасанды тоғандарда өсірілген шабақтар Жайыққа жіберіледі.

Айта кетейік, бекіре тұқымдас мұндай балықтар сиреп бара жатқаны үшін Қызыл кітапқа кенгізілген. Бүгінде тек ғылыми-селекциялық бағытта ауланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *