Балаға көңіл бөлу пайғамбар сүннеті

Қайырымдылық
View this post on Instagram

Прогулка по Уралу

A post shared by Алтын Көпір (@altynkopir) on

Баласы бар баламен бала болсын» деп өсиет қалдырған Пайғамбарымыз жас сәбилерге ерекше мейіріммен қараған. Пайғамбарымыз балаға «Алла тағаланың берген сыйы»деп қарағандықтан, ұлды артық көріп, қызды кемсітуге жол бермеген. Бүгінгі тіршілік қуған қым-қуыт заманда қандай құндылықтарымыз тасада қалып кетіп жатыр десеңізші. Соның бірі бауыр еті баламызға деген қаншалықты көңіл бөліп жүргендігіміз. Мамандардың айтуынша, балада дұрыс тәрбие қалыптасуы үшін әсіресе бес жасқа дейін көңіл бөлудің орны ерекше. Күні бойғы жұмыстан шаршауды бір шетке ысырып, балаға уақыт бөле білу керек-ақ. Бұл бөлінген уақыт балаға кейінгі өмірінде көп пайдасын тигізетін болады.
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні «Шапағат» орталығының ұйымдастыруымен Жайық өзеніне экскурсия ұйымдастырылды. Аталған экскурсияға «Шапағапт» ҚҚ теолог мамандардың дәрісін тұрақты білім алып жүрген мешіт жамағатының балалары мен аналары қатысты.
«Шапағат» орталығының тарихшысы Ернар Абзалұлы Жайық бойына жан бітірген тарихи оқиғалардың бірі, Бөкей ордасының тығыз байланысты болғанын түсіндірді. Ата-аналар мен балалар арнап дастархан жайылды. Экскурсияға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Балаға бөлген уақыт онымен арадағы жақындықты арттырады, оның сізге ойларын айтуына, яғни оның ішкі сезім әлемін бақылап отыруға көмектеседі. Кері жағдайда ол ата-анасынан алыс, ішкі сезімдерін айтпайтын, тұйық, бірқатар проблемалары болса да отбасымен бөліспейтін балаға айналады. Кейінгі жылдарда да бұл жағдай көптеген психикалық мәселелерге жол ашуы мүмкін.
Сондықтан, салауатты ұрпақ өсіруде балаға бөлінген уақыттың маңызы ерекше, бұл өзі көптеген ата-ана елеусіздеу қарайтын мәселе. Ата-аналар баласы қасында болса, біздің көңіл бөлгеніміз осы деп ойлаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *