Мейірімділік жүректен

Қайырымдылық

            Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. 

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Құрбан айт» мейрамы қарсаңында Атырау қалалық «Тума» және «Адал мал»  базарындағы полиция қызметкерлері мен сол жерде қызмет етіп жүрген еріктілер мен мешіт қызметкерлеріне арнайы ыстық тамақ тарату қайырымдылығын атқарып өтті.

          Қазіргі қиын-қыстау кезеңде үлкен қолдауды қажет ететін жандардың бірі- полиция қызметкерлері. Біз оларды қолдау мақсатында тегін түскі ас жеткізу жүйесін ұйымдастырдық. Себебі, қазір оларға түсетін жүктеме көп. Тәулік бойы жұмыс істеген құзырлы орган қызметкерлері не де болса оңайға соқпасы анық. Олар күш жинап, ауқаттануы үшін нәрлі тағамдарды жеткізуді қолға алдық, – деді теолог-исламтанушы Ш.Темірқұлұлы.

Ж.Жұмағалиева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *