Адам деуге аузың бармайды

Қоғам

Өмірге келген әрбір сәби айналасындағы адамдардан жылулық күтеді, олар үлкендердің  қорғанышына, қолдауына, демеуіне зәру. Кез келген адами қоғамда солай болуы керек те! Өйткені, “Бала адамның бауыр еті”- деп бекерге айтылмаса керек.

Осы күндері, зорлыққа ұшыраған кәмелетке толмаған балалар санының өсіп бара жатқанын оқып, көріп, зәрем ұшатыны өтірік емес.

“НЕГЕ? Не үшін біздің балаларымыз сондай  азап шегуі керек?”- деп өзіммен өзім күбірлеймін. Аз уақыт ішінде қаншама қалада (Орал, Ақтөбе, Сатпаев, Шымкент, Қызыл-Орда) адам деуге тұрғысыздар нәрестеледі қорлады?! Еш кінәсі жоқ сәбилер зорланды. Ал “сол істі” жасаған хайуандар болса, біздің салығымызға әрі қарай өмір сүріп жатыр.

Оңбағандар… Басқа синонимді қолдануға тіпті ауызым бармайды. Қалай ғана кіп-кішкентай сәбиге қол ұштарын тигізуге дәттері барады? ҚАЛАЙ? Осындай “жаңалықты” естіген сайын жүрегім қан жылайды. Өзіне не істегенін, не үшін істегенінен бейхабар баланы қалай ғана қорлауға болады?

Педофилдерге химиялық кастрация жасау заңы қабылданса да, оларды жылдап түрмеге отырғызса да зорлаушылардың саны азайған жоқ. Демек, бұл хайуандар ешетңеден қорықпайды, оларды ешнәрсе де тоқтата алмайды.

НЕГЕ, біз, ата-аналар, өз балаларымыз үшін әрдайым қорқынышта жүруіміз керек? НЕГЕ балаларымызды ойын алаңына, нан әкелуге қорқынышпен жіберуіміз керек? НЕГЕ балаларымыз велосипед тебуге кеткенде “Оралмай қала ма?”-деп үрейленуіміз керек? НЕГЕ мектепке қорқынышпен жіберуіміз керек? Тараздағы 12 жасар қыздың мектеп әжетханасына зорланғанынан еске түсіріңіз. НЕГЕ біздің мемлекетіміздің заңдары біздің балаларымызды қорғай алмайтыны үшін қорқуымыз керек? НЕГЕ біздің заңымыз педофилдерге келгенде сонша әлсіз?

Жақында  Оралда орын алған сұмдық оқиғаның бейнежазбасын көріп, түйгенім, зорлаушыны ең бірінші балалар байқап қалды, “әлгінің” іс-әрекеттері ойын алаңында жүрген балаларға күмәнді болып көрінгесін балалар жүгіріп үлкендерге айтты, сөйтіп бейкүнә сәбиді қорғап қалды. Мұнымен не айтпақшымын?

Қазіргі кішкентай балаларға “Педофил”- деген сөз таныс. Ал, олардың білуі тиіс па еді? Кішкентай бүлдіршіндер хайуандардың балаларға тиісетінін, өмірлерін қатерге тігетінін, өлтіруге де тайынбайтынын білуі керек пе? Бауыр етіміз балаларымыз ондай жаман ойлардан аулақ болып, бақытты, қуанышты, еш уайымсыз өмір сүргені абзалырақ емес пе?

Біз, өткен заманның балалары, ЕШҚАШАН “мұндайды” көрмедік, естімедік те. Демек, қазіргі адамдар балаларымыздың қауіпсіздігі үшін ешқандай жағдай жасап жатқан жоқ. Мүмкін, педофилдерді халық алдында өлім жазасына кесетін уақыт келген шығар?! Гүлдердің өсуіне кедергі келтіретін арам шөптерді жұлғандай етіп еш аяусыз ана өмірге аттандыратын кез келген сияқты.

Жазбам тек сұрақтардан тұрады. Ал оған ана ретінде қанағаттанаплықтай жауап ала алам ба? Қылмыстық кодексімізде балаларымызды қорғайтын заң шыға ма? Педофилдерді “өз ісін” жүзеге асырмас бұрын ойландыратын заң қабылдана ма?

Құдайдан жабарынып сұраймын, еліміздегі әрбір бала өзін еркін және қауіпсіз сезінсінші! Ал кінәсіз балаларды біз, ересектер, қорғауымыз керек! Менің айтпағым осы!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *