ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҚ және СЫНЫҚ IPHONE
***
Садио Мане – Ливерпуль футболшысы, жылдық жалақысы шамамен 8 млн. фунт стерлинг.
***
Сынық Айфонмен көрініп қалған
28-жасар футболшы Сенегалдың өте кедей отбасынан шыққан, сондықтан “Шынайы Байлық” не екенін, оны қалай пайдалануға болатынын өзі айтып өткен болатын:
***
«10 «Ferrari», 20 бриллиант сағат және 2 ұшақтың маған қажеті қанша? Бұл заттар маған және әлемге қандай жақсылық әкеледі?», – деді Мане.
***
«Мен аштық не екенін білемін, мен ай далада қолмен жұмыс істедім; қиын кездерде жалаң аяқ доп тептім, білімім және көптеген қазіргі өркениетті заттарым болмады. Бірақ қазір футбол арқасында мен өз отандастарыма қол ұшын соза аламын», – деп жалғастырды Мане.
***
Сосын:
«Мен ауылдағы өте кедей қандастарыма мектептер, стадион соғуға көмектесемін, біз киім-кешек, аяқ киім, тамақ жеткіземіз.
Одан бөлек Сенегалдың өте кедей деген аумағындағы әр отбасына ай сайын 70 € беремін.».
***
«Маған қымбат көлік, зәулім үйлер мен ұшақтарды біреулерге көрсетіп, мақтанудың қажеті жоқ.
Мен өз отандастарымның кішкене болса да өмірлерін жеңілдетсем екен деймін».
***
Ал біз болса, Сынық айфон былай тұрсын, жаңа айфон шықса болды, қарызға болса да алуға асығамыз.
Қанағатшыл болайық ағайын!
Жандос Лесбекұлы