«Абайдың қара сөздері – асыл қазына»

Мәдениет

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартуышысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күллі Қазақстан халқын ортақ мереке дүбірлі той құрметіне қолға алынған игі бастамаларға белсене атсалысуға шақырған болатын. Алайда биыл елімізде белең алған COVID-19 пандемияға орай жарияланған карантинге байланысты қызметті онлайн арқылы жалғастыруды жөн көрген Шапағат деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында  2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚАЖ департаментіне қарасты УГ 157/9 ерлер түзету мекемесінде «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абайдың қара сөздері – асыл қазына» атты сайысын өткізді.

Жазасын өтеушілерге қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қара сөздерінің мазмұнын тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңілуге үйрету, білімдерін жетілдіру.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1-кезең Абайдың жеңіл қара сөздерінен, өлеңдерінен  билет суыртып, жалғасын айтқызу; 2-кезең Орташа деңгейде күрделілеу сұрақтар дайындау. Қара сөздердің үзіндісін дайындап, жалғасын жазу және мағынасын келтіру; 3- кезең Абайдың «Китабун Тасдық» еңбегінен үзінді қойып, мағынасын ислам ғұламларының еңбектерінен (Тахауи ақидасы) салыстырмалы мысал келтіру.

Шараға қазылық еткен қазылар алқасының төрағасы «Шапағат» Қоғамдық қорының тарихшы маманы Абзалов Ернар, бөлім басшысы Жұмағалиева Жаннат, теолог маман Асқаров Еламан әр қатысушының білім деңгейін анықтап, әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды және олардың отбасы мүшелеріне қажетті сыйлықтармен марапаттады.

Е.Абзалов: – Қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушы Абай атамыз отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса жоғары орын алады.  Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасында ұлт болмысы, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Сайысты өткізудің бірден бір мақсаты – жазасын өтеушілерге Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттыру.Абай туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, оны ата-бабалар мұрасы ретінде тануға, құрметтеуге, түсінуге үйрету.

Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді нақышына келтіріп, шығарманың мазмұнын толық аша алатындай оқу шеберлігіне, қара сөздерін нақты тез арада ойлап табуына, ақынның көркемдігі өте жоғары, гуманистік мазмұндағы шығармаларын таңдау ерекшелігіне баса назар аударылды.

Жұмағалиева Жаннат«Алтын көпір» журналының бас редакторы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *