Жат ағымнан жапа шекпей, санаңды сақта!

Дін

Соңғы деректерге сәйкес облыста теріс діни ағымдардың жетегінде кеткендердің саны едәуір азайған. Бұл мемлекеттің экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіп жатырған жүйелі жұмысының нәтижесі. Ал сол азаматтардың қатарында табылу үшін теріс ағымға түскендер де кездесіп жататыны шындық.
Кейіпкерімізде дәстүрлі діннен адасқанын түсінген Д.есімді Құрманғазы ауданының 1993 жылғы тұрғыны.
Ақкөл ауылында туып өскен ол үш баланың ортаншысы. Сырқатқа ұшыраған анасын бағу үшін нәпақа тауып қала келген Д. Есейген шақта дінге қызығушылығы пайда болғанын баяндады.
– Анам инсультке шалдықты. Ол ауылда тұрады. 2008 жылдан бастап намаз үйрене бастадым. Бастапқыда ұялы телефон арқылы түрлі сайттардан дәрістер тыңдап, уағыз айтушылардың нұсқауына ден қоя бастадым. Колледжде оқып жүргенімде сақал қойып дінге деген ұстанымым ұлғая бастады. 2009 жылы араб тілін меңгеруді бастап түрлі ислами кітаптарды оқыдым, бірақ мен ол кітаптардың түпкі мағынасы кері әсерін тигізетінін аңғармаған едім.
Арада уақыт өткен соң 2011 жылы кейіпкеріміз отбасын құрып өмірге сәби әкеледі. Тамырын енді жайған шаңырақтың шаттығы ұзаққа созылмады. Арадағы санаулы жылдардан соң ажырасу дерті отбасын айналып өтпеді. Д.тұрмыстық қиындықтардан қажыған соң өзінің жарымен келісімге келмей ажырасу барлық жағдайды шешеді деп түсінеді. Мұнда да отбасы шырқының бұзылуына жат ағым өзінше себеп болған.
«Жолдасым бастапқыда хиджап киім, намаз оқып жүрді. Бірақ жылдар өткен сайын ол бұлай жэалғаса бермейтінін айтты. Демек, ол өзінің замандастары секілді көшеге шығып, шашын жайып, еркін өмір сүргісі келді. Мен оған бірден қарсы болдым. Сондықтан діннің шырмауына түскен ол ажырасуға келісім берді», – дейді кейіпкер.
Иә, Д.секілді санасы уланып, жат ағымға алданған жастар қатары әлі де болса кездесетіні өкінішті. Мұның барлығы жастардың асыл дініміздің астарын кеңінен тануға, түйсінуге деген деннің аздығы. Демек, жасөспірімдер мен дінге қызығушылығы бар жандар мешіт жамағатына келіп, иманнан емес жеңіл жолмен ізденуді жөн көреді.
– Мен осы уақытқа дейін намаз оқымайтын адамдарды мұсылман деп санамайтын едім. Дінді ұстанбағандардың барлығы кәпір көрінетін. Алайда осы орталыққа келіп, білімді теологтардан көмек алған соң көзім ашылды. Себебі кез-келген дін ең алдымен достыққа, бейбітшілкке шақыруы керек деп ойлаймын. Сол себепті «Шапағат» орталығының мамандарына алғыс айтқым келеді», – деді сөз соңында кейіпкер.
Самал Бердәлі, «Алтын көпір»редакторы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *