Бала – өмірдің гүлі, көңілдің нұры

Қайырымдылық

Халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты – балада» деп, ұрпағының ер жетіп азамат болуына бар мағыналы ғұмырын арнап, жиған тергенін балаларына берген.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты, тәрбиелі, саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.


Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» «Жусан» операциясымен елге оралған отбасыларының балаларын 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады. Бүлдіршіндердің айтулы күніне орай 100 балаға мерекелік көңіл күй сыйлап, тәттілер таратылды.
Бала – өмірдің гүлі, көңілдің нұры. Саналы да парасатты тұлғаны тәрбелегіміз келсек онда баланың балалық шағы баянды, бақытты болуы шарт. Өйткені адамның өмірге деген көзқарасы мен құштарлығы оның балалық шағында, сана-сезімінде қалыптасатыны сөзсіз. Міне, бұл игі істің негізгі мақсаты да осы болатын. Балаларға арналған базарлық бір күн болса да, істеген жақсылық олардың есінде ұзақ сақталатыны шындық. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда ғана, алдына қойған мақсатына жетеді. Демек, адам бойындағы ізгілікті оятудың бір жолы – жақсылық жасау. Мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін, Отанын сүюі, танып білуге деген ынтазарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейтіндігі – баланың балалық шағында қалыптасуы қажет.

Жаннат Жұмағалиева,
«Алтын көпір» журналы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *