Айша анамыздың тақуалығы қандай болған?

Дін

Айша анамыз Мұхаммед пайғамбарымызға пайғамбарлық берілместен 4-5 жыл бұрын дүние есігін ашқан. Әкесі Әбу Бәкір жаһилия кезеңінде теріс іс-әрекеттерден өзін аулақ ұстаған парасатты жан бола білген. Айша анамыз діндар отбасында тәрбие алған. Әбу Бәкір отбасында балаларының барлық іс-әрекеттерін қадағалап, тек жақсы игі іс жасауға шақырған. Айша анамызға пайғамбарымыз с.а.с әйелі болу мәртебесі жазылған. Алла елшісі Мұхаммед с.а.с Айша анамызға деген сыйластығы мен махаббаты ерекше болғандығын байқауға болады. Мұның дәлелі ретінде пайғамбарымыздан кімді сүйесің дегенде пайғамбарымыз: «Айшаны» деп жауап қайтарған. Пайғамбарымыздың жанында жүріп Айша анамыз әрдайым қолдау көрсетіп отырған. Әкесі Әбу Бәкір пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с-ның жанынан табылатын жақын досы.Ал Айша анамыздың тақуа болғаны сонша, Жәбірейіл періштенің өзі «Әссаляму алейкум» -деп амандасқандығы келтіріледі. Мұхаммед с.а.с-ның өзі Айша анамызды Жұмақтағы әйелі болатындығын жеткізеді.

Ибн Саад р.а бір күні Айша анамыздың Алланың оған берген он құндылығын атап берген. Осы құндылықтары арқылы пайғамбарымыздың басқа әйелдерінен ерекшеленіп тұратын. Соған қарамастан Ислам дінінің дұшпандарынан Айша анамызға түрлі жала жабылған. Алайда Алла тарапынан Құран аяттары түсірліп, оның кінәлі еместігін дәлелденеді.

Ислам дінінде Айша анамыздың алатын орны бөлек. Ол арқылы пайғамбарымыздан түрлі хадистер жеткен. Қолындағы барлық дүниелерді Алла жолында жұмсай білген ізгі жан. Алла алдындағы қорқыныш сезімі Айша анамыздан әрдайым байқалып тұратын. Соның дәлелі: «Алланы үнемі есіне алатын ағаш болғанымда ғой, Қиямет күні зардабын тартпас едім» деген. Айша анамыз құлшылық пен тақуалыққа айрықша мән беретін. Көбіне ораза ұстаумен өткізген. Қолыңдағы барына қанағат ететін жандардан болған. Жетімдерге қамқорлық көрсетіп оларға тәрбие берген. Демек, әйел азаматының бойында табылуға тиіс барлық ізгі қасиеттер Айша анамыздың бойына дарыған.

Алла елшісі соңғы демін Айша анамыздың бөлмесінде көз жұмған. Сонымен қатар пайғамбарымыз сол жерде жерленген. Алла елшісі қайтыс болғанан кейін Айша анамыз өзінің жинаған ілім сусынымен бөлісіп отырған. Барша мұсылман қауымы ерекше құрметтейтін. Білмейтін сұрақтарын Айша анамыздан келіп алатын болған. Пайғамбарымызбен бар болғаны тоғыз жыл ғана отасқан ол өзінің зеректілігімен пайғамбарымыздан жеткен хадистерді риуаят (бізге мұрағат) еткен. Жалпы Айша анамыздың Ислам дініне қосқан үлесі ұшан теңіз. Қазақта «ел болам десең-бесігіңді түзе» дейді. Өсіп, өніп келе жатқан бойжеткен қыздарымызға Айша анамыздың ізгілігі үлгі болсын.

Малика Рустамқызы,
«Алтын көпір» тілшісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *