Шапағат қоғамдық қорынан тегін бетперделер таратылды.

Қайырымдылық

Жусан операциясы бойынша елге оралған әйелдер бетперделер тігіп, халыққа тегін таратуда. Бұл игі іс «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен жүзеге асырылып отыр. Жуырда қолға алынған бұл бастамаға  15-ке жуық әйелдер жұмылдырылды. Мақсаты: күніне 300 бетперде тігіп, балалар мен қарттар үйіне және аз қамтылған отбасылар мен қала тұрғындарына тарату. Сол орталықта қызмет жасап жатқан Перизат Еркінбай: – Алла тағала Құранда, бір-бірлеріңе жақсылықта көмектесіңдер деген. Сол үшін, бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деп көмек ретінде осындай іс атқарудамыз. Материалын айтар болсам, мақта матадан тігіліп жатыр, және де оны бірнеше рет жуып қайта пайдалануына болады»-деп өздерінің халыққа арнап жасап жатқан игі бастамаларын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *