Шапағаттың шарапаты таусылмайды…

Қоғам

Айнада, өзiмiз бiлетiндей, бәрi керiсiнше. Бiрақ онсыз бiз ешқашан өзiмiздi көрмес едiк. Десекте, ақыл жастан, асыл тастан дегендей, қазіргі алмағайып кезде, адамзат баласы қасымызда жақсы адамдардың жүргенін біле бермейміз. Осындай жаста болса, өз принципімен, қоғамға қызметін көрсетіп келе жатқан, Мейірбек Ғайнеденұлы өз ойымен бөлісті. Ол қазіргі таңда «Шапағат» қоғамдық қоры директорының орынбасары.

Мейірбек Ғайнеденұлы, бұрын мемлекеттік қызмет саласында қызмет жасадыңыз. Ал, қазір қайдасыз?

Мен 17 жылдан аса уақыт мемлекеттік қызметте жұмыс жасадым. Енді қазіргі уақытта облысымыздағы  дін саласында қызметімді 3 жылға жуық уақытта жалғасытырып атқарып келемін.  Себебі: дін саласында азды-кемді болса да, үлесімді қосайын деген ниетпен, облысымзда діни ахуалдың тұрақтылығын жаңа форматта жүргізуге, өз үлесімді қоғамның бір мүшесі ретінде қоссам деген ниет болды.  Жалпы облыста көптеген ізгі шаралар өтіп жатыр. Ақпараттық түсіндіру топтың мүшесі ретінде, үлкен іс-шараларға араласырп жүрміз.

Қазір елімізде болып жатқан індетке байланысты көптеген жұмыстарымыз «Шапағат» қоғамдық  қорында онлайн тәртібімен өтіп жатыр. Бұған қақтығыс аймағынан келген қыздармен жұмыс жүріп жатыр. Бұларды қоғамға тарту мақсатында бірлескен көптеген жұмыстарымыз бар. Олардың  мектеп жасындағы балаларымен жұмыс, оларға көптеген көмектер осы «Шапағат» қоғамдық қорынан көрсетіліп отыр. Акцияларға қатысады. Олар тек көмекті алып қана қоймай, бізбен етене бірлесіп жұмыс жасайды.  Қазірі уақытта Ақпараттық түсіндіру тобында, Сирия елінен келген екі қызымыз  сол топта жұмыс жасауда. Бұларды жалпы қоғамға тарту мақсатында әртүрлі курстардан өткіздік. Қазіргі кезде бетперде тігу мәселесімен 15-ке жуық қыздарымыз тікелей айналысып, күніне 300-ге жуық бетперде тігіп, оны халықтарға тегін таратуда. Соның ішінде аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ балалар үйіне, адамдар көп шоғырланған жерлерде, жағдайы төмен отбасыларына барлығына тегін таратылды. Бұнымен ғана тоқталмайды. Басқа да қоғамдық іс-шараларға белсене араласады. Біздермен қоян-қолтық жұмыс жасап жатыр.

Осы сол Сириядағы қақтығыста болып келгендер, өздерінің жан дүниесін өзгерте алды ма, олардың казірі көзқарастары қандай және олар өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде тани алды ма?

Олар келген әзірде, еліне, жеріне, сол кездегі  теріс ағымға кетіп қалып, Сирияда жүріп елге деген сағыныштарын казіргі таңда үлкен сезіммен білдіріп отыр. Олар өздерінің қателік-кемшілік жасадық деп, өкініп отыр. Міне сондай да ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс жасап отыр. Әсіресе жастармен, дәлірек айтсақ, тұңғыш Елбасымыз былтырғы жылды Жастар жылы деп атағанын білесіз. Былтырғы жылы көптеген іс-шаралар өтті. Қазіргі кезде де сол жастармен кездесіп, өздерінің өмірлерінен сыр шертіп, қазіргі жастар олардың жасаған кемшіліктерін болдырмау мақсатында, алға қарай осындай жаңсақ басуды болдырмау, қайталамас үшін өздерінің өмірінен әңгімелерін айтып отыр.

Мен сізді бірнеше жылдан бері мемлекеттік қызметте жасап жүргеніңізден білемін. Сіз үнемі жастар ортасында белсенді қызмет жасаған қоғам өкілісіз. Енді, экстеремистік қақтығысқа бармаған, біздің қоғамдағы қазіргі жастардың қоғамдағы ролі  туралы не айта аласыз?

Әрине, әр нәрсе өз орнымен, өз деңгейімен болады. Қазіргі жастардың қоғамдағы ролі өте жақсы. Қазіргі уақытта жастарға көп мүмкіндіктер беріліп отыр. Соның ішінде атап өтсек, казіргі әлеуметтік желі  арқылы жастар әртүрлі жобаларды жүзеге асырып отыр. Соған өте қуанам. Қазір еңбекке араласып, белсенділік танытып келеді. Енді біздің кезіміздегі жастар Кеңес өкіметі кезіндегі тәрбиемен тәрбиленіп, Отанға, жерге деген патриоттық сезімді әрі қарай жандандырып жүрдік. Қазіргі жастарымызда  еліктеушілік өте көп. Яғни, әртүрлі әлеуметтік желідегі  теріс діни бағыттағы аудио-бейне жазбалар бар. Міне осыларды болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық  Кодексінің 453 бабын көбіне осы жастарға түсіндіріп жүрміз. Мұнда: жастардың әртүрлі діни ағымға кетіп қалмауы, казір не көп аудио-бейне өнімдер өте көп, сілтемелер бар, міне осыларды бөлісу, тарату, группаларға жіберу, мына әлеуметтік желілердегі соның ішінде whatsApp, ютуб, одноклассник т.б көптеген әлеуметтік желілерде бөлісіп жібереннің өзі, міне жоғарда айтқан 453 бапқа қайшы келеді. Міне соларға облыстық деңгейде көптеген зерделеу, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде дені жастар. Оның ішінде білмей жасап жатқандары да бар. Заң талаптары бәріне ортақ. Сондықтан жастардың  қателіктерге бой алдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.

Өзіңіз қызмет жасап отырған «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының, қоғамға келтірер шапағатының шарапаты қандай дәрежеде?

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» 2013 жылдан бастап өз қызметін бастады.

«Шапағат» ҚҚ орталығы жұмыс барысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзету мекемелерінде «Терроризм» бабы бойынша сотталушылармен оңалту, ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, әр жыл сайын оңалған тұлғаларды қорытындылап тиісті органдарға ақпарат береді. Сондай-ақ, жазасын өтеуші тұлғалардың жұбайлары мен балаларына әлеуметтік қолдау ретінде, дастархандар, жиындар, курс, жарыстар, байқаулар, экскурсиялар, жазғы лагерлер ұйымдастырады.

Өңірдегітеріс ағым ұстанушылары, лидер, таблиғ, мадхали, хаддади өкілдерімен жеке кездесулер өткізіп, олардың діни білімін жетілдіріп үнемі дәріс өткізу арқылы, оңалту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жыл аяғында оңалған тұлғалар туралы қорытынды анықтама жазып, тиісті органдарға ақпарат жолдайды.

«Шапағат» Қоғамдық қоры деструктивті діни көзқарастағы әйел жамағатымен, соның ішінде террористік және экстремистік баптар бойынша сотталғандарың әйелдерімен, «Жусан» гуманитарлық операциясымен елімізге оралған отбасы мүшелерімен де профилактикалық және оңалту шараларын жүзеге атқарып келеді.

«Шапағат» орталығы дін саласында жүрген стулденттер үшін қандай иі бастамалар атқарып отыр?

Сонымен бірге, «Шапағат» орталығы дін ұстанатын студенттер арасында діни мәселелер бойынша профилактикалық және оңалту жұмысын жүргізу мақсатында Атырау қаласының жоғарғы оқу орындарымен және колледждерімен Меморандум бекітіп,  консультативтік сабақтар мен жеке кездесулер өткізуде.

Қазіргі таңда орталықта 13 теолог-исламтанушы, 1 дінтанушы, 1 тарихшы, 2 психолог мамандары оңалту бағытында белсенді жұмыс жасауда. Оң нәтиже ретінде айтатын болсақ, өткен 2019 жылы 112 тұлға дәстүрлі бағытқа қайтарылды. Жыл басынан бері теолог мамандар «Жусан» операциясымен елге оралған отбасы мүшелерімен тығыз жұмыс атқарып келеді. Дәлірек айтсақ, балаларына онлайн режимінде дәріс, аналарына аптасына 2 рет психологиялық семинар тренингтер мен теологиялық дәріс жүргізіп келеді. Сонымен қатар, жазасын өтеушілермен де аптасына 1 рет жеке оңалту жұмысы атқарылуда.

«Дина» сауда орталығында «Шапағат» ҚҚ оңалту бөлімі 2018 жылы ашылып, қазіргі таңда нақты нүктелік оңалту жұмыстары жүруде. Атырау қаласы бойынша намазхандардың ең көп шоғырланған ортасы да осы атаулы сауда орталығы болғандықтан, келуге-кетуге ыңғайды орын болсын деген ниетпен ашылған бөлімде білікті теолог мамандар мен психолог қарқынды қызмет етуде. Осының нәтижесінде заңдылықтарды түсіндіру арқылы жыл аяғында теріс дінді ұстанушы тұрғындарды дәстүрлі бағытқа қайтару үлкен сеніміміз де мол. Ол үшін жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші «Шапағат» Қоғамдық қоры үнемі бірауызбен ұйымшылдықпен еліміздің бейбітшілігі мен әдет-ғұрпын сақтап қалу мақсатында талмай еңбек етіп жүргенін атап өткім келеді. Терроризм,экстремизммен жазасын өтеушілермен, өтеп келгендермен, оларды қоғамға тарту, белсен араластыру жұмыстарын жүргізіп оты. Қазіргі уақытта жазасын өтеп келген, екі азаматша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері. Құрманғазы ауданында. Жастарға мектеп оқушыларына осындай теріс ағымға кетріп қалмауы үшін, сондайдың зардабын жастайынан шегіп қалмасын деген мақсатпен қосып отырмыз.

Енді сұқбатымыздың соңында, қоғамның белсенді өкілі ретінде, редакциямызға айтар ойыңыз.

Алтын көпір журналы,  жастарымызға ізгі жол ұсынатын, өздеріңіздің түйткілдеріңізде жүрген сауалдарға жауап ала алатын, тек қана дін саласы емес, зайырлы бағытта мақалаларымыз, мәдени, әлеуметтік, жастарды қоғамға тарту мақсатында жазылған материалдар көп болсын деймін. Бұлжурнал жаңадан қатарға тәй-тәйлеп тұрып келе жатқан жаңа басылым болғандықтан, алға қарайда көп бейінді мақалаларды оқитынымызға сенімдімін. Барлықтарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін. Рахмет.

Сұқбатыңызға рахмет. Рухани шығармашылық табыс  тілейміз.

Гулнафис Жармуханбетова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *