Миллисекунд уақыттың қадірін білген – Аманат!

Спорт

Аманат Сабырғалиев 2002 жылы дүниеге келген, Атыраулық боксшы Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтті. Ұлттық құраманың құрамында    ауыр салмақта өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде спортшы Ирак пен Үндістан боксшыларын жеңді. Финалда ол Оңтүстік Кореядан келген қарсыласын жеңді.

А.Сабырғали  – жасөспірімдер мен ересектер арасындағы және жастар арасындағы үш дүркін Қазақстанның чемпионы. Жастар арасындағы Азия чемпионы. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

          Аманат Сабырғали – өзінің бала кезден бірге жаттықтырушы болған, бапкері Сахипов Ерланды, спорттағы қамқоршы әкесіндей құрметтейді.

            Аманат спорттың осы түріне қалай келдіңіз?

  • Бокс спортына мен 10 жасымда келдім. Алғашында бокстың кикбоксинг деп аталатын түрімен айналыстым. Сол кезде Атырауға танымал «Жас батыр» деп аталатын спорт кешенінде жаттықтым. Сол кездегі бапкерім, казірде сол бапкер Сахипов Ерлан  жаттырықтырушым болды. Кикбоксингпен айналыстық. Ата-анам берді.  Үнемі барып жаттығып жүрдім. Ағайымның айтақандарын бұлжытпай орындауға тырысам. Содан 6 айдан кейін  осы кикбоксингтен Қазақстанның жасөспірімдер арасында чемпионат жарыстары болды. Сол алғашқы жарыста бірінші жеңісім  2-ші орынды жеңіп алдым. Осылай спорттық жолым басталды. Одан кейінде Қазақстандағы кикбоксинг жарыстарына қатысып жүрдім. Ақырында 2016 жылы Қазақстанның соңғы чемпионатына қатысып, үш дүркін Қазақстанның чемпионы атанып кикбоксинг спортық жолын  аяқтадым. 2016 жылы өзімнің бапкерім Сахипов Ерлан ағайдың айтуы бойынша бокстан өнер көрсету керек деді. 2016 жылдан бастап, бокстан Атырау облысының чемпионаты болды. Соған қатыстым. Аймақтық  және Қазақстан чемпионаты еді. Алғашқы Қазақстан чемпионатын осы бокстан бастадым. Сол жылы бокстан чемпион атандым. Өзімнің бапкерім бокстан алғашқы олимпиада чемпионын Атырауға әкелу керек деген ойын білдірді. Осы мақсатпен қазір бокстың жолымен жүріп  жатырмыз. Осындай мақсатты оймен жұмыс жасап жатрмын.

Аманат, өзіңіз және отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз?

  • Жалпы мен Атырау қаласында дүниеге келіп, оқып өстім. Әкем-анам, әжем, апам және інім бар. Ата-анам жұмыс жасайды, әжем зейнеткер, апам  студент, інім 10-сыныпта оқиды. Інімді спортшы боладыдеп айта алмаймын. Өйткені інім көбіне оқу жағына аса көңіл бөледі.

 Әр нәрсеге келер де, бір істі бастарда бір себепші болады. Ал сіздің осы спортты таңдауыңа кім себепші болды?

  • Спортқа келуіме себепкер ата-анам болды. Кішкене кезімде артық салмақтық проблема болды. Артық салмақпен ары қарай өмір қиын болмау үшін, әке мен анам мені спортқа беруге шешім қабылдады. Кішкене кезімде спортты түсінбейтін жаста болсам да, теледидар арқылы, соның ішінде арнайы «боец» деген канал бар болатын соны үнемі қарап жүрдім. Ол каналдың бір жақсысы барлық спорт түрінен үйретіп, айтатын. Соны қарапи өзімше қызығатынмын. Соны қайталайтынмын. Әкем осы бапкермен дос болатын. Сөйтіп: мендеомсындай бір балам бар. Саған әкелсем қалай болады,-деп сөйлесті. Ерлан жақсы әкел, көрейік..деп мені берді осы кісінің жаттығуына. Міне әлі де дсы адаммен келе жатырмын. Кикбоксингете де осы ағайым болған, казірі бокста да осы ағайым.

Аманат, сіздің ата-анаңыз осы жолды таңдауыңызға себепкер болды дедіңіз. Дегенмен, спорт жолынан жалығып, шарашап, үнемі қойылатын талаптан, бітпейтін жаттығудан шаршадым болды  деген ой болды ма?

  • Шынымды айтсам, басында болды ондай жағдайлар. Бірақ, менің ойымда кішкентай кезімде тек артық салмақты кетіру болатын. Осындай жетістіктерге жетем, чемпион болам деген ой болмаған басында. Алғашқы жарысқа шыққаннан кейін, жеңіс болғаннан кейін, тіпті екінші орын алам деп ойламақ түгілі, түсінген емеспін. Бірінші жарыста ұтып алғаннан кейін, жазғы демалысмқа шықтық. 1 қыркүйек сабақбасталғанда, бапкерім звондап, мынадай залға келіңдер, жаттығу мынадай залда болады деп хабарлады. Мен сол кезде, ата-анама мен бармаймын..барғым келмейді деген ойымды айттым. Олар керісінше, жоқбару керек, олай жарты жолда тастауға болмайды деді. Бұл тек бастамасы деді. Сөйтіп, анам мен әкем алға қарай талпындырды. Тағы бір жыл барып көр. Әлі талай жерді көресің деп, мотивация берді. Шынымды айтсам, құрсыншы тастаймын осыны деген ой болды. Ол сынақ. Бірақ бұл сынақты қалай да жеңу керек деген ішкі ұраным болды. Оны жеңу, ары қарай жалғастыруыма ата-анам көмектесті де, әрі қарай бапкерім мені ілестіріп алып кетті. Солан бері спортпен дамып, жетіліп келе жатырмын.

Спорттағы ұстаным тұлғаңыз кім болды?

  • Мен тек бір адам деп айта алмаймын. Себебі, мен барлық спортшыларды қараймын. Спортшы бір жақты емес, жан-жақты болуы керек. Мысалы, бокстың, футболдың, баскетбол болсын қандай түрі болса да, оны жан-жақты қарап керекті кәсіби   тактикалырын алып отырасың. Әр спорттың  иелерін өзіме тұлға ретінде бағалап, ерекшелігін өзіме алып отырым. Сондықтан, бір ғана тұлғаға сүйенбеймін. Әр спорт иелерін тұлға ретінде қабылдаймын. Соларға қарап, өзімді де бір тұлға ретінде қалыптастырсам деймін.

Аманат, «ұстаздан шәкірт озды» деен аталы сөзбар. Осының астарымен өзіңнің бапкеріңнен үйренендеріңді біреуге яғни шәкіртке үйретсем деген, бір баланы тәрбиелеп жүрген спортшың бар ма?

  • Ондай жоқ. Қазірі кезде бапкеріміз бен бірге қойған мақсатымыз бар. Сол мақсатымызға жеткен соң, әрі қарай бапкерлікті көремін.

Адамзат баласында уақыттың қадірін білу деген сөзбар. Бір қария баласымен келе жатып, бір ғалымға жолығыпты. Сонда сол ғалымнан уақыттың қадірі туралы сұраған екен. Сонда ғалым былай депті: бір жыл уақыттың қадірін білгіңіз келсе, жазғы емтиханнан өте алмай қалған студентпен сөйлесіңіз. Бір ай уақыттың қадірін білгіңіз келсе, уақытынан бұрын 8 айда босанып қойған анамен сөйлесіп көріңіз. Бір апта уақыттың қадірін білгіңіз келсе, әр аптада газет басып шығаратын редактормен сөйлесіңіз. Бір сағат уақыттың қадірін білгіңіз келсе, кездесу сәтін күтіп тұрған ғашықтармен сөйлесіңіз. Бір минут уақыттың қадірін білгіңіз келсе жұмысқа асығып тұрып, пойыздан қалып қойған жолаушымен сөйлесіп көріңіз. Бір секунд уақыттың қадірін білгіңіз келсе, жаңа ғана жол апатына түспей қалған көлік жүргізушісімен сөйлесіңіз. Миллисекунд уақыттың қадірін білгіңіз келсе, Олимпиада ойындарында жүгіру жарысында алтынға қолы жетпей күміс алқа алып қалған спортсменмен сөйлесіңіз- деген екен..сондықтан сізден –бокстағы миллисекунды бағындырған кезде қандай сезім болды?

  • Кез-келген спортшы бір минуттың қадірін білің келсе, боксермен ринте кездес деген екен..шыныдығында да әр боксердің өзіндік миллисекунды болады. Дәл сондай уақыт болды менде. Осы жақында болған 2019 жылғы өткен Азия чемпионатында. Әр чемпионатта алғашқы орындарды алатынбыз. Сондықтан, кішкентай қиын жағдайда, теріс қимыл немесе қателік жасап қойсаң ұпайдан бірнеше қиындық әкелер еді. Сол себептен, әр минут пен секунды қателіксіз жібермеуге тырысасың. Жарысқа шығарда бапкерлер, әр қателікті жібермей әр уақытты тиімді пайдалану туралы айтып жиналыс өткізді. Әр секундті текке жібермеңдер деген мотивация қойды. Бапкерімнің айтуымен үйретуі бойынша, сол миллисекундта мен жеңіске жеттім деп айта аламын. Спортшы үшін уақыт  таптырмайтын құрал дер едім. Рингте әр уақытты тиімді пайдалану ол сенің жеңісің.

Алға қойған мақсатыңыз қандай?

  • Біріншіден, қасиетті Атырауыма Олимпиада алқасын әкелу. Екіншіден, биылғы жылға алға қойған мақсатым, ерекшеліктің құрама командасына мүше болып кіру.  Олмпиадаға дайындалып жатқан ерекшеліктер құрамасымен бірге дайындықтарынан бірге өтіп, дайындалсам деймін. Ерекшеліктер құрамасында бірінші нөмірлі болып тағайындалып, Қазақстан құрамасымен бірге әлемдік додаларда, сайыстарға қатысып жеңіспен оралсам деген мақсатым бар.

Аманат, жеке хобби дейміз ғой, сол сізде қандай еді?

  • Иә, жігітке жеті өнерде аз,-дегендей, өзім Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дене шынықтыру және спорт факультетінде 1-курста оқимын. Үнемі жаттығамын, сабақтарымды оқимын, кітап оқымын, соңғы кездері итара тартумен айналысып жүрмін. Жалпы өзім жан-жақты қамтығанды жақсы көрем. Өзіме жаныма жаққан істермен айналысамын. Интернеттен спорт жәйлі немесе басқа да киноларды және документальды фильмедерді қарап, зерттеймін, салыстырам. Сондықтан әр уақытты тиімді пайдалануға жұмыстанам.

Аманат, сұқбатыңызға көп рахмет. Қазақ елінің көк байрағын әлеме желбіретер дара тұлға болыңыз!  

Гулнафис Жармуханбетова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *