Ақпараттық-талдау орталығының қызметі…

Билік

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы КММ-нің негізгі қызметіне тоқталып өтсек, облыстың қоғамдық-саяси жағдайына мониторинг жүргізе отырып, деструктивтік және жеке оңалту жұмыстарын қадағалау,  шетелде білім алушылар мен олардың отбасыларымен түсінік жұмыстарын жүргізу, интернет және әлеуметтік  желілер арқылы жастар арасында радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру, Атырау облысы бойынша исламдық және басқа конфессиядағы діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім ұйымдарының қызметін зерделеу жұмыстарымен айналысады.

Сейітқалиев Рүстем Қырғиұлы Атырау облысы Дін істері басқармасы “Ақпараттық-талдау орталығы” КММ басшысы

Қазіргі таңда Орталықтың штаттық кестесінде 46 маман қызмет атқаруда. Жалпы, негізгі 7 бөлім бар: «Талдау және мониторинг» бөлімі, «Ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету» бөлімі, «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» бөлімі, «Оңалту жұмысын ұйымдастыру» бөлімі, «Интернет ресурстары және әлеуметтік желілерді зерделеу» бөлімі. Сонымен қатар, ауданға қарасты 2 бөлім жұмыс істейді: «Діни бірлестіктермен байланыс» және «Аудандық жұмыстарды үйлестіру» бөлімдері.

Орталықтың бастамасымен өңірдегі діни ахуалды түзету бағытында бірқатар шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, халық арасында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы жұмыстар күшейтіліп,этносаралық және конфессияаралық келісім моделін көпшілікке, соның ішінде радикалды діни идеологияның зияны туралы тақырыптарда мемлекеттік мекемелерде, ірі кәсіпорындар мен жекеменшік компанияларда, жоғары оқу орындарында, колледж, мектептерде т.б. мекемелерде жыл басынан әр түрлі форматтағы ауқымды іс-шаралар ұйымдастырумен қатар,  түрлі тәсілдер қолданылуда.

Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының формасы мақсатты аудиториямен мекен-жайлық жұмыстарға көңіл бөлінумен қатар, әлеуметтік желілердегі парақшаларға  мониторинг жүргізу қызметі кең қарқынды жүргізілді. Атырау облысы Дін істері басқармасының әлеуметтік желілерге жүргізілетін бұғаттау жұмыстарын жандандыру бағытында «Kazdream Media» компаниясы әзірлеген интернет желісіндегі діни ағымдардың таралуын зерттеу мақсатындағы «Аналитикалық Интернет-карта» жобасы екіжақты келісім негізінде жүргізілуде. Аталған жоба негізінде Қазақстанда көп таралған «Вконтакте», «Instagram», «Twitter», «Facebook», «Одноклассники», «Youtube» және «Telegram» секілді әлеуметтік желілерден мағлұматтарды автоматтандырылған түрде жинау, зерттеу және сараптау қарастырылған. Аналитикалық интернет карта – дәстүрлі емес діни ағымдардың ақпараттық қызметінің ауқымын анықтауға, ең әлсіз қолданушылардың қатарынан ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін мақсатты аудиторияны қалыптастыруға, радикалды контенттің таралуын уақытында анықтау және радикалды идеологияға локалды түрде қарсы әрекет етуге, діни ахуалдағы өзгерістерді онлайн режимде мониторинг жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

2019 жылдың 4 тоқсаны бойынша  экстремистік мазмұндағы 1454 аккаунтқа зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 134 аккаунт сараптамаға жолданса, биылғы жылдың І тоқсаны бойынша 3408 аккаунтқа сараптама жүргізіліп, нәтижесінде 252 аккаунт сараптамаға жолданып отыр. Аналитикалық-интернет карта Атырау облысы бойынша 5 діни бағыттың насихаттау қызметінің ауқымын, радикалдылық деңгейін, географиясын және тілін интерактивті түрде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың насихатына көбірек іліккен қолданушылар туралы мәліметтерді ұсынады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша  ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптарын бұзған 57 тұлғаға (ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша  – 22, ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2 тармағы бойынша – 35) әкімшілік құқық бұзғаны туралы хаттамалар толтырылып, 49 – тұлғаға әкімшілік айыппұл салынса, 2020 жылдың І тоқсанында ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабының 2 тармағы бойынша 12 адам және ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабы бойынша 1 адам жауапкершілікке тартылып отыр. Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін аудиториялар анықталып, дәстүрлі емес діни ағымдардың облыстағы қолданушыларға ықпал ету ауқымы мен деңгейі айқындалды. Аталмыш бағдарлама негізінде Атырау қаласындағы жалпы білім беретін және арнаулы оқу орындары оқушыларының діни  ақпараттарды көбірек жариялаған білім мекемелерінің тізбесі анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453, 490 баптары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс жоспарына енгізілген болатын. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары, ата-аналары арасында, сонымен қатар, студенттермен кездесу барысында жүргізілген түсінік жұмыстары оң нәтиже беруде.

Атырау облысы Дін істері басқармасы діни алауыздық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және тұрғындар арасында дұрыс діни сана қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізді. 

Ақпараттық-түсіндіру және мобильді топ мүшелері облыс бойынша «псевдосалафизм» ерушілерінің  белсенділігінің алдын алу мақсатында арнайы жоспарларға сәйкес оңалту бағытындағы кездесулерді өткізуде.

2019 жылы құрамында 80 мүшесі бар 3 топ жасақталып,  қызмет атқаруда (1 облыстық,1 қалалық және 1 мобильді топтар)

Ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің қатысуымен                   2019 жылдың қорытындысы бойынша 109 267-ге жуық адамды қамтыған әр түрлі форматтағы 1023 іс-шара ұйымдастырылып   91 838  дана ақпараттық материал шығарылып, үлестірілді. Оның ішінде, кітаптар, брошюралар, бүктемелер, парақшалар, бейне/аудиоөнімдер, газет және т.б.

 Жыл басынан бері сенім телефоны бойынша 638 адамғатеологиялық-психологиялық кеңес берілді. Оңалту орталықтарына келген 485 адамғакөмек көрсетілді. Жалпы, 1123 адам көмек алды.

    Қоғамдағы зайырлылық құндылықтарын нығайту мен ілгерілетуге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жоспарланған қызметтерге сай жүзеге асырылып келеді. Орталықтың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сай 2020 жылы 8 лот жарияланды.

Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *