Сонымен қатар Bastau шоуында Кристина Орбакайте, Лорин және Софи Алис-Бектор өнер көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Димаш Құдайбергеннің #BASTAU live Show жеке концертінің көрсетілімін ұсынады, деп хабарлайды Today.kz.
Көрсетілім 13 мамыр күні, сағат 20: 00-ден бастап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің УouТube арнасында өтеді.
Концертте Димаш Құдайбергеннен басқа, опера әншісі және “Астана Опера” тобының жетекші әншісі Майра Мұхамедқызы, швед әншісі Лорин, «Евровидение-2012» байқауының жеңімпазы, британдық әнші және композитор Софи Эллис-Бектор, ресейлік орындаушы Кристина Орбакайте болады.