“Канелоның” промоутері әлемдегі ең мықты үш боксшыны атады

Спорт

Алты салмақта әлем чемпионы болған, қазір Golden Boy промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойя P4P рейтингінің ең мықты үштігін атады. Промоутердің сөзін Tofight.ru беріп отыр. 

“Канелоны” бірінші орынға қоюым міндет. Сауль – ең мықты қарсыластарды қалайтын жалғыз боксшы. Басқа боксшылардың бірінші кезекте сұрайтыны: “Мен қанша табыс көремін?”. “Канелода” ондай сұрақ жоқ, ол жай ғана мықтыларды сабағысы келеді. 

Одан кейін Кроуфорд пен Ломаченко. Теренс мегажұлдыз бола алады. Ломаченко – сұмдық боксшы. Ол тағы бір категорияны бағындыра алады деген ойдамын”, – дейді Де Ла Хойя Ibtimes.com порталына берген сұхбатында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *