Атырау мақтанышы – “Жастар” театры

Мәдениет

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының жанынан құрылған Жастар театры жас командамен құрылса да алған жетістіктері да аз емес. Облысымыздың іргелі рухани орталықта- рының бірі ретінде жасампаз халқымыздың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құнды¬лық¬тар- ды сіңіріп, тарихи сананы жаңғыртып, өнерді өрге сүйреп келе жатқан бұл театрдың отандық мәдениеттің мәуе жаюына қосқан үлесі біз үшін мақтаныш. «Жанпида», «Хат тасушы», «Үйлену оңай», «Алғашқы махаббат», «Ауылдағы ретропатие», «Жәннат» секілді бірнеше қойылмдармен халықтың көзайымына ие болған аталмыш театрдың да алар асулары көп деп сенеміз.

Еуропадағы Фиесталония Миленио деп аталатын халықаралық ұйымның бастамасымен ұй- ымдастырылған байқауда қазақ театрын әлемге мойындатқан жас өнер иелері Испания мемле- кетінің Ллорет де Мар қаласында «Theatrical Talents» театрлар фестивалінде алғаш рет өнер көр- сетіп, Гран-Приге ие болды.

Әміржан Нұрланұлы жетекшілік ететін Жастар театры ұжымы Халықаралық өнер додасына театрдың бас режиссері Мұқанғали Томановтың «Затмение» туындысымен қатысты. Біздің Аты- рау жастар театрының барлық қойылымдарында өзіндік қолтаңбасы бар облысқа танымал, үл- кен дарын иесі режиссёріміз Мұқанғали Томановтың дайындаған «Затмение» атты антидрама- сын Испанияның Ллорет де Мар қаласында өткен «Theatrical Talents» халықаралық фестивалінде сахналадық. Еңбегіміз барынша әділ бағасын алып, жүлделі «Гран Приге» қол жеткіздік. Қазы- лар алқасының төрағасы – Мартин Перафефер бізді келесі жылдың жаз айында өтетін «FITAG – 2020»фестиваліне шақырса, «Фиесталония Миленно» ұйымының президенті Давид Джапаридзе Италия, Грузия, Франция елдерінде өтетін фестивальдерге қатынасуға ниет білдірді. Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны біз үшін де оң әсерін берді. Президент сайлауына белсене араласқаным үшін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мырза қабылдауына шақырып, Президент- тің «Алғыс хатын» тапсырғаны – әр жылдарда алып жүрген марапаттардан өзгеше әсерге бөледі. Еңбегіміз барынша әділ бағасын алып, жүлделі «Гран Приге» қол жеткіздік. Қазылар алқасының

төрағасы – Мартин Перафефер бізді келесі жылдың жаз айында өтетін «FITAG – 2020»фестивалі- не шақырса, «Фиесталония Миленно» ұйымының президенті Давид Джапаридзе Италия, Грузия, Франция елдерінде өтетін фестивальдерге қатынасуға ниет білдірді. Өткен 2019 «Жастар жылы- ның» біз үшін берер сыйы мол болды. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының ұсы- нысы бойынша «Жылдың үздік спикері» атандым және мен жетекшілік ететін жастар театры

«Жылдың үздік жобасы» деген марапатқа ие болды. Мен үшін бұл еңбегімнің жанып, еленгені деп білемін. Алдағы уақытта да халқымды өнерімізбен сусындатып, шығармашылығымды шыңдай түсемін,-дейді Атырау жастар театрының жетекшісі Әміржан Нұрланұлы.

Бір қуантарлығы өңіріміздің танымал әктерлері, Отбасылық жұп яғни Әміржан Нұрланұлы мен Гүлнұр Қайырлиева осы «Жастар» театрына жетекшілік етеді. Бірлік болмай — тірлік болмас де- гендей, бірігіп жасаған еңбектің жемісін олар қазіргі таңда үлкен қуанышпен көріп жүргендігін де атап өтуге болады.

Гүлнұр Қайырғалиеваның айтуынша адам заман талабына сай неге икемі болса, соған сай биз- нес бастауы керек. Өз басым қолымнан сабақ беру ғана келгендіктен, Атыраудың өнерлі жастары- ның басын біріктіріп, бойындағы талантын әрі қарай шыңдау мақсатында «Жұлдыздар орталығы» өнер мектебін құрдым. Басында ет қызумен бәріне асығатынбыз. Сөйтсек, бизнеспен айналысу оңай шаруа емес екен. Орталықтың директоры — Әміржан. Ал, мен ұйымдастыру жұмысын жүр- гізіп отырамын. Болашақта балаларды оқытып қана қоймай, жарыстарға да қатыстырғымыз ке- леді. Үш ай сайын ата-аналарға концерт беріп отырамыз. Олар балаларының өнерлеріне тәнті болып қуанады. Орталықта ДЦП-мен ауыратын балалар да бар. Ата-аналары балаларының қолда- рына микрофон ұстап, өлең айтқанын көргенде қуаныштан көздеріне жас алып жатады. Біз оларға қарап, үміт сыйлаудың өзі бір қуаныш екенін көреміз,- дейді.

Қазіргі күні Жастар театрында 14-29 жас аралығындағы жиырмаға жуық әуесқой актер бар. Құрамы әртүрлі: ішінде мектеп оқушысы мен студенттен бастап, мұнайшыларға дейін жүр. Олар- дың басын біріктірген бір ғана нәрсе: өнерге деген қызығушылық. Сондай бір тума талантты ак- трисаның қолында үш бірдей дипломы бар екен, соған қарамастан, жұмыстан бос уақытында теа- трдың репитицияларына қатысып, сахнаға шығып жүр,- дейді Әміржан Нұрланұлы.

Жастар театрының атап айтуға тұрарлық бір бастамасы – ол осымен екінші рет аудандарды ара- лап, спектакльдер қойып үлгерді. Нақтылай кетсек, жас актерлер аудан орталықтарымен шектел- мей, ауылдық жерлерін қамтуды да назарда ұстайды.

Жалпы театр, жәй көңіл көтеретін орын емес. Театр – ол, мәдени ошақ. Театрға адам тікелей ақпарат алу үшін келмесі де анық, ақпарат телидидарда да бар. Адам театрға дем алу үшін, жан дү- ниесін тазарту үшін, рухани тебіреністі сезіну үшін келеді. Театр – халықты эстетикалық адамгер- шілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Ол, яғни, театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта – ықыласын арттырумен қатар, до- стық сезімін де күшейте түсуге әсер етеді.

Ал біз редакция ұжымы атынан Киелі сахнада өнер көрсетіп жүрген азулы аға-апаларының ізін жалғастырып жүрген Жастар театрының алдағы уақытта қадамы нық болып, еліміздің дамуына үлесін қосуына тілектеспіз.

Жаннат Жұмағалиева

«Алтын көпір» журналының бас редекторы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *