Америкада болып келген ТӘУІРБЕК Бозекенов

Қоғам

АМЕРИКАНЫҢ «БӘЙТЕРЕГІ» немесе STATUE OF LIBERTY

Бұл мүсінді жақыннан көремін деп мүлде ойламадым. Рас! Өйткені, армандауға да ауыр еді. Бірақ, әйелдің табаны жер тіреп, қолына ұстаған алауы көк тіреп тұрған шығар деп жорамалдайтынмын. Кинодан со- лай көрінді, көрсетті бізге. Қасына барғанда «бұл көшірмесі шығар…» деп айналама қарадым. Жоқ, алдымда қасқайып тұрған анна көзі.

Бұл әйелді америкалықтарға француздар 1876 жылы сыйға тартпаса АҚШ-тың негізгі «БӘЙТЕРЕГІ» қандай болады екен, ә?! Тіпті елестете де алмаймын. Жасыл әйелді Францияда жасап, 350 бөлікке бөліп,   теңіз асырып Америкаға әкелген екенғой. Оны бөлшектемесе тіпті фрегатқа (желкенді алып әскери кеме) да симайтын көрінеді. Ал мүсіннің авторы Фредерик Бартольдтың әу бастағы негізгі жоспары ескерткішті Мы- сыр еліндегі шөлдалаға орнату болған. Бірақ, дегеніне жете алмапты, байғұс мүсінші. Білебілсеңіз, ескерт- кіштің прототипі француздың натурщицасы – Изабелла Бойер. Өте сұлу әйел болған деседі. Атақты өнерта- пқыш Исаак Зингердің жары.

Жел тұрса теңселетін ескерткіш әйелдің басына шығып алуүшін 365 басқыштан тұратын саты мен кө- терілесіз. Тек шаршапқалмаңыз?! Қиналып жүрген жігіттер болса Америкаға келіңдер! Әйел сіздің емес, сіз әйелдің басына шығыпаласыз. Анау-мынау емес алып әйел. Бірақ жылдамдығы 100 км/сағ жел тұрса «ЖА- СЫЛ ӘЙЕЛ» 7-8 сантиметрге, ал қолындағы алау 12-14 сантиметрге қозғалатынын ұмытпағайсыз!

Ескерткіш орналасқан аралға кемемен бару – 18$. Басынашығу – 25$. Нью-Йоркке алғаш келенде….

Нью-Йоркке алғаш келгенде, мені таң қалдырғаны «асханада және дүкендегі тамақтарды қашан көр- сем де жаңа ғана ыстық пештен шыққандай болып тұруы» еді. Нан да, тоқаш та, торт та және т.б..Біздікі сол

«әәәәйй, химиялық қоспаның арқасығой. » деген ой ғой. Сөйтсем олай емес. Шынымен де бірінші күні піскен

асты, екінші күні сатылымға қоймайды. «Бұл негізі 3$ наны. Бірақ кешегіден қалған. 1$ ала сал. » деген

әңгіме де жоқ, мұнда. Бірден лақтырады және арнайы мекемеге апарып тапсырады. Ал ұзаққа сақталатын- дарын мешітке, шіркеуге береді. Тегін тамақ жейміндейтіндердің бәрі сол жерден табылады: ақшаүнемдегіш студенттер, көше кезіп жүретін қаңғыбастар, жағдайы төменжандар және т.б..

Нью-Йорк алып қала болса да, адасып кету мүмкін емес. Адасқан күннің өзінде де тез арада картадан баратын бағытыңызды айқындап, діттеген жеріңізге шапшаң жетіп аласыз. Нью-Йорк тура Алматы секіл- ді. Немесе керісінше……………………… Көшелері қаз-қатар тізілген. Алматыда екікөше бір-бірімен қиылысса, Нью-Йоркте

көшелер мен даңғылдар қиылысады. Такси тоқтатсаңыз, алдымен көшенің нөмірін, кейін даңғылдың санын немесе атауын айтасыз.

  • Where do you go?
  • Please take me to 44 street and 5 avenuе(даңғыл).

Өткен аптада шашқидыруға бардым. Ең арзаны 20$. Маған қызмет көрсеткен мексикалық ер кісі. 5-6 тал сақал-мұртыма дейін сәндеп, бетіме арнайы сұйықтық жағып жұмсартып, басым мен желкеме массаж жасап берді. Расымен, таңқалдым! Шаш қиюға барып бір рахаттандым. 20$ беріп, 3$ шай-пұлын қолына ұстаттым. Біле жүріңіздер, Нью-Йоркте тұрғындардың жартысынан көбі шай-пұлдың арқасында күнін көріп отыр. Мұнда, ресторанға, дүкенге, шаштаразға немесе т.б. жерге бассұққан адам, қызмет көрсетушіге шай-пұл тастауды әдетке айналдырған. Сондықтан Америкада жүрсеңіз кез-келген жерде шай-пұл тастауды ұмытпаңыз. Ол сіздің мәдениеттілігіңіздіде аңғартады. Қызмет сапасы нашар болса 10%-ын, жақсы болса 15%-ын, өте жақсы болса 20% шай-пұл тастау ләзім.

Нью-Йорк қаласының метро бекеттерінде, көшелер мен арбаттарында әншырқап, аспапта ойнап, сан-түрлі өнері мен Нью-Йорк қонақтарын таңқалдыратын адамдар өте көп. Оларды бізде «көшеәншілері» деп менсінбей, қайыршылардың қатарына қосады ғой. Ал мұнда, бұл өнерпаздарды кәдімгідей бағалайды. Халық оларды айнала қоршап, қолшапалақтап, алдында тұрған жәшікке ақшаларын салып кетеді. Бір қы- зығы, АҚШ-та кезкелген адам метробекеттер мен көшелерде қалағанынша өнер көрсетіп, табыс таба ал-

майды. Ол үшін арнайы мекемеден рұқсат қағазын алу керек. Міне, Америкаға келсеңіз көше өнерпаздарын

«Қаңғыбастар-ай! Әй, бишара енді не істейді басқа, көшеде ән айтпағанда…» деген жаман ойдан арылыңыз. Өйткені, олардың «Қоғамдық орында өнер көрсетіп, табыс табуға болады…» деген арнайы лицензиялары бар екенін ұмытпағайсыз!

Жалпы, АҚШ-та қаранәсілді адамдар өте көп екенін білесіз. Қара адамды көріпқалсақ «оооо, негрді қара, негрді қара» деп пыш-пыштайтын өте жаман әдетіміз барғой. Есіңізде болсын, АҚШ-та жүріп аузыңы- здан «негр» деген сөз шықса сотталып кетесіз! Өз басым қара адам десе «кедей, мүсәпір, олар құл, орманда өмірсүреді…» деген секілді стереотип қалыптасқанды. Бірақ ол ойымды Америка өзгертті. АҚШ-та қаралар- дың жағдайы ақтарға қарағанда әлдеқайда жақсы. Көбісі шіріген байлар десем де болады. Бірақ жастары тентек келеді. Демалыс күндері Нью-Йорк көшелерін басына көтеріп, көшіріп жібереді.

Кеше бір қызық ақпарат естідім. Америкалықтардың 80 % шет мемлекеттерге шығып, қыдырып көр- меген. Өйткені мұнда туризм өте жақсы дамыған. Келесі санда АҚШ-тағы туризм туралы және «Америкада болсақ, қандай «күштііііі» жерлерге барып қыдыруға болады?» деген сұрақтың жауабын бірге іздейміз.

ВАШИНГТОН САПАРЫ

Мен, Вашингтон АҚШ-тың Елордасы екенін біле тұра, астанасы Нью-Йорк деп айтқым келеді. Оның се- бебін өзім де білмеймін. Десекте, Нью-Йорк АҚШ-тың алғашқы астанасы екенін ұмытпайық. Джордж Вашинг- тонның тұңғыш ел президенті ретіндегі инаугурациясы да NY-та өтті. Әне, тағыда Нью-Йорк туралы айтып кеттім. Вашингтонға оралайық.

Вашингтон – АҚШ-тың нағыз патриот қаласы. Ел тарихы тасқа қашалып жазылған мекен. Бастысы алыстан мен мұндалап көрінетін Вашингтон мұнаралы монументі мен әр қадам сайын алдыңнан шығатын ескерткіштер АҚШ-тың өткені мен бүгінінен хабардар етеді. Дональд Трампта осы қалада тұрады. Өзін жо- лықтырмасам да жұмыс орны мен үйін көріп кеттім. «…жағыдайы жаман емес екен…» деп басымды шайқап, таңдай қақтым. Жаныма емес, әмияныма жақын долларды да осы Вашингтонда басып шығарады. Бірақ оны көре берсең көзің көкшиеді, жақын болсаң жүрегің қараяды.

Вашингтон – әлемдік саясаттағы күрмеуі қиын мәселелердің талқыға түсетін ордасы. Тіпті, кей мемле- кеттердің тағдыры шешілетін шаһар. Сөйте тұра мұнда аспанмен астасқан, көк пен таласқан ғимараттар жоқ. Әрі кетсе 10-15 қабатты үйлердің көбінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар жайғасқан. Орталық емес, жайғана қарапайым деген көшенің өзімен жүріп бара жатып оң жағыма қарасам мемлекеттік архив, сол жағымда қаржы мекемесі, кішкене жүрсем министрліктер үйі, артыма қарасам кеңселер, сәл адымдап ба- рып тағыда оңжағыма көз салып ем, қызмет бюролары мен агенттіктер, қаланың шетіне шықсам АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері. Атақты ПЕНТАГОН! Көзге оттай басылатын «О, не деген биік ғимарат, не деген дизайн?!» деп тамашалап тұратын құрылыс нысанан көрмедім. Барлығы шағын, сапалы, стандарт- ты. Бірақ, Вашингтонда гүмпиген қара джиптер көп. Оқ өтпейтін көліктен көз сүрінеді. Әрине ол саясаткер- лер мен дипломаттарға ғана тиесілі. Бұл қалада жүріп таяқлақтырсаң бір ұшы сенаторға, екіншісі саясат- танушыға, ал ортасы барып тура конгресс мүшесінің басына тиеді. Оған нақты дәлел бар. Вашингтонда 600 мыңнан аса халық тұрса, оның 10 мыңы үкімет мүшелері болып табылады.

Ақүй – қазіргі Дональд Трамптың жайы. Оның алдында Барак Обаманың үйі болғанды. 150 жыл бой- ына АҚШ президенттері алма-кезек осы жерде тұрып келеді. Америкалықтар Ақүйді елдің басты символы санайды. Олардың түсінігінде «Ақүй барда, Америка өмір сүруін тоқтатпайды» деген сенім бар. Екі қабатүй- ді полиция қызметкерлері мен «ТИІН» атты құпия агенттері күзетеді. Тиін өріпжүр аула маңында. Оларды әдемілеп суретке түсіріп те үлгердім.

Капитолий – Вашингтондағы АҚШ Конгресінің мәжілістері өтетін үй. Мен ол маңға күнбатқан кезде бардым. Өкінішке қарай ішіне бас сұға алмадым. Ал күндіз Капитолийде конгресс мүшелері заңға өзгеріс енгізбейді, керісінше жаңа заңдарды бекітеді. Жұмыс қайнап жатқан шақта да ғимарат ішіне мыңдаған турист кіріп-шығып жатады екен. Іші тура шіркеу секілді болады. Тек ИсаМәсіх (а.с.) пайғамбардың бейнесі орналасқан жерде АҚШ-тың бұрынғы патшаларының мүсіндері тұрады екен. Әлемдегі ең үлкен кітапхана- ның бірі де осы жерде орналасқан. Ал күмбезінің ішкі жағында 13 арудың бейнесі салынған. Сол 13 арудың бейнесін көру үшін жазда қайтадан Вашингтонға арнайы барам.

Вашингтон – мұражайлары тегін қала. Қанша мұражай бар екенін нақты білмеймін. Бірақ өте көп. Әй- гілі «Ночь в музее-2» комедиялық фильмі де осы жердегі «Табиғи тарих мұражайында» түсірілген. Вашинг- тонғ акелгенде бірінші сол жерге барамын деп жоспарлағам. Бірақ «Аэронавтика және космонавтика мұра- жайына» бас сұғып шыққанша ол мұражай жабылып қалды. ЕгерВашигтондағы барлық мұражайды көріп шыққым келеді десеңіз кем дегенде 3-4 күніңізді сарп етесіз.

Вашингтон – ойын-сауықтың қаласы емес. Мұнда жастардың көңіл көтеретін ордасы жоқтың қасы.

Түнгі клуб, шулы кафе жәнет.б..

Вашингтон – өте тыныш қала. Сабырлы, салмақты, байсалды. Табиғаты құбылмалы. Десекте, маған ұнады.

Міне, «Менің Вашингтоным» осындай. Шынымен, Америка ТӘУІР екен…

(Жалғасы келесі санында)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *