“Алтын адамды” Үндістанда көрсетеді

Мәдениет

Нью-Делиде жалпы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 292 зат ұсынылады.

18 наурыз күні  Нью-Дели қаласында Үндістан Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет» көрмесін ашады, деп хабарлайды Today.kz.

 Көрме Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани Жангыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық “Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі” көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыз – 19 сәуір аралығында өтеді.

Көрменің басты жәдігері “Алтын адам” – ел рәміздерінің ажырамас бөлігіне айналған Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық сенсация.

Есік Алтын Адамы – халықаралық көрме жобасының аясында әлемнің 12 музейінде ұсынылған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің басты жәдігері. Көрме Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Солтүстік Македония, Түркия, Малайзия және Грецияда үлкен жетістікпен өтті.

“Бастапқы сиқырлы мәнінен айрылған жануарлардың сәндік бейнелері зергерлік бұйымдарда, миниатюра кітаптарда, ағаш, тас және сүйек нақыштарында, сәулет сынды ортағасырлық өнерде әлдеқайда жинақталыңқыраған түрде, стилденген ою, зер элементтерінің пішінін қабылдап қолданыста қала берді. Бұл үрдістер экспозицияға қойылған XV ғасырға тән деп даталанған Сайрам көмбесінен табылған зергерлік өнер бұйымдарынан айқын байқалады. Көрмеде сол сияқты Тақсай (Батыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қарағанды облысы) және Берел (Шығыс Қазақстан облысы) сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілетін болады”, – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 292 зат ұсынылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *